БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Página 366
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
кезек, өлім хақ екенін ескертіп, жұбатады, өткенге өкінгенше тірінің тілеуін
тіле дейді. рилогияда ер азаматтың ақкөңілділгін, ерлігін адамгершілігі
сияқты қасиеттері туралы айтылады. Оны балаларына өнеге ету мақсатында
тәрбиелік мәні зор.
Шілдехана. Бұл да нәресте. Бұл да шілдехана тойындай шаттықпен бас
қосады. Бұл да қырқынан шығып, бесікке бөліп әлдилеуді керексітеді, қаз
тұрып аяқ басқанша күні-түні мәпелеуді тілейді [6, 133 б.] Бала қаз тұрып,
тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың
туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Қазақ баласын ағаш бесікке салып
асырайды. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады.
Құда түсу. Маған солардың ақымақ болғаны керек еді, ақсақал. Сен
қайта-қайта ақылды дейсің, құда түсетін адамша, тегі [6, 343 б.] Қазақ
халқы қоғамдық қарым-қатынастарды әдет-ғұрып бойынша реттеп, өздерінің
достығын қыз алысып, қыз берісіп, құда болуы арқылы нығайтып келген.
Қазақта жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі, яғни медициналық қан тазарту
заңы қатаң сақталған. Х.Есенжанов құда түсу деген тіркесті ауыспалы
мағынада қолданған.
Қалың мал беру. Екеумізге қатынды ана Хакім Жүнісіп алып бермейді.
Өйткені оның ұғымынша бұл өткен заманның салты: қалың мал беру, құда
түсу, келіншекті көру, ұзатып әкелу, жиһазын түгендеу... осы сияқты
толып жатқан ескі салт коммуниске лайық емес деседі. Қалың мал төлеу
кейбір зерттеушілердің түсіндіріп, жүргеніндей, қызды сатып алу үшін
берілетін құн емес, керісінше, қалыңдықтың жасауына, сәукелесіне, той
малына, кәделі алыс-берістерге жұмсалатын қаражат көлеміне сай төленетін
төлем. Дәстүрлі қалыңмал мынадай бөлімдерден тұрады: бес жасы, ілу, өлі-
тірі, той малы, сүт ақы, жігіт түйе.
Отбасылық тұрмыспен тікелей байланысты туыстық қарам-қатынас пен
туыстық атаулар да этномәденитанымдық тұрғыда қызығушылық туғызады.
Туыстық атаулар мен туыстық қатынастар И.Т. Андреев,
С.Б. Броневский, Н.И. Гродеков, Ы.Алтынстрин, Ш.Уәлиханов, І.Кеңесбаев,
Х.Арғынбаев, Л.Жолдасбек, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев,
М.Сарыбаева т.б. еңбектерінде зерттелген.
«Туыстық атаулар – ұлттық қоғамдық қарым-қатынастың дәрежесін
анықтайтын, мұрагерлікті, әдептілікті белгілейтін тарихи категория».
«Ақ Жайық» трилогиясында туыстық атаулар, қоғамдағы рулық жүйе,
тұрмыс құруға байланысты түрлі әдет-ғұрыптар, мұрагерлік т.б.
туыстыққа байланысты этномәдени бірліктерді көптеп кездестіруге болады.
Өз жұртына байланысты әке-шеше; немере; жиен; аға; апа; келін; қыз;
бала т.б. атаулар қолданылса, қайын жұртына байланысты ата-ене;
жеңеше; абысын; қайнаға; келіншек т.б. тәрізді туыстық атаулар кездеседі.
Құда; құдағи; құда-жекжат т.б. құдалық қатынасты білдіретін
этномәдени бірліктер.
Рухани мәдениеттің алғы шарттары ауыз әдебиетінен де табылып жатады.
Біз Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясынан алынған қазақтың
этномәдени тұрмысына жақын лексикаға талдау жасайтын боламыз.
Қоғамдық материалдық құндылықтар (киім-кешек, құрал-жабдықтар т.б.)
мәдениетке жатады. Ал олардың атауы тілге де, мәдениетке де ортақ.
Трилогияда кездесетін заттық мәдениет атауларының көбі жалпы адамзатқа
365