БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Página 365

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. деңгейлі жүйе. «Мәдениетті» тасушысына байланысты бөлу дәстүрге айналған. Осы тәуелділікке байланысты мәдениет «әлемдік» және «ұлттық» болып бөлінеді. «Әлемдік мәдениет» - бұл біздің жер шарды мекендеген барлық әр түрлі халықтардың ұлттық мәдениетінің ең жақсы жетістіктері. «Ұлттық мәдениет» өз кезегінде әр түрлі мәдени кластың синтезі ретінде, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттың және топтың мүддесінен шығады. Ұлттық мәдениеттің әр түрлілігі оның қайталанбауы және жасампаздығы руханилығынан (тіл, әдебиеті, музыкасы, майлы бояу, діни), сол сияқты заттық мәдениетінен (экономикалық ерекшелік жағдайы, шаруашылықпен айналысу, еңбек дәстүрі және өндіріс) шығармашылық пен тіршілік сферасында т.б. көрінеді. Қоғамның көптеген мүшелері мәдениетінің құндылығын, сенімді, салт-дәстүрді басшылыққа алады. Қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т.б.) бөлінеді және әрқайсысында өзіндік мәдениет қалыптасады. «Рухани мәдениет» - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Эстетика» (грек. ощущение) – өнер туралы философиялық оқу. «Этика» (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) – адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы жоғарғы мәдениеттілік келбеті [4, 323-324 б.]. «Салт-дәстүр» – адамзаттың рухани көне құбылыстарының бірі. Әдет-ғұрып аса қарапайым мінез-құлықтардың бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір оқиға, жағдайға байланысты қолданылып жатады [5, 63 б.]. Халықтың ерте кездегі әдет-ғұрып, тұрмысы жайындағы этнографиялық ұғымдардың атаулары тарихи сөздіктер мен тарихи шығармаларды сақталып, олар жайында мағлұмат береді. Этнографтар халықтың замандар бойындағы тұрмыс салт, әдет-ғұрпына байланысты жайлар мен халық жасаған материалды байлық, рухани мәдениетке қатысты жайларды зерттегенде, тіл фактілеріне соқпай өте алмайды. Өйткені тіл – солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан ұрпаққа жеткізген және сақтап қалған құралдардың бірі. Трилогиядағы көңіл айту; жұбату; қолқа салу; садақа беру; той; ашамайға отырғызу; қырқынан шығару; бесікке бөлеу; ас беру; бәйгеге ат қосу; жамбы ату; белдесіп күресу; қалың мал беру; құда түсу; ұзату тойы т.б. тәрізді этномәдени бірліктер заттық мәдениетке тікелей байланысты халықтың рухани мәдениетінен мағлұмат береді. Енді солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек: Көңіл айту. – Тояш шырағым, Бақы ағаң дүние салыпты, тәңір иманын жолдас қылсын. Жалғыз сенің ағайының емес, бәрімізге жақын, ақкөңіл адам еді. Басқа не айтамыз, - деп екі-үш шал қосарлана сөйлеп көңіл айтысты [6, 174 б.] Қазақтың ертедегі салты бойынша, түзде өлген адамды отбасы мүшелеріне жақын туыстарына естіртуші адам айтатын сөзін, естірткелі отырған уақиғаны тұспалдап, жұмбақтап, ишаратпен, өлеңмен кейде әртүрлі салыстырулармен хабарлаған. Кейде ауыр қазаны күймен де естірту дәстүрі болған. Ол Тояш сияқты Шүйкеге көңіл де айта алмады, зорлаған әйелдерді жұбатуға да кірісе алмады. Жұбату өлең, тақпақ, жыр түрінде айтылған. Шешендік сөз арқылы көңіл айту басы қаралы, жүрегі жаралы жандарды жақсы лебіз, жанашырлық сөзбен ойын ширатып, көзінің жасын тияды, бойына қайрат береді, қайғысын сейілтуге тырысады. Қаза ортақ, қайғы 364