БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 364

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Академик Ә.Қайдаров тілдің осы шежірелік қыры, танымдық қызметі туралы былай деп жазады: «Этностың (бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың) тілінде оның басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр...» Халықтың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тек тілінде ғана сақталады. Әртүрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы ғана келіп жетуі мүмкін [1, 18 б.]. Алайда осы этностық ерекшеліктердің тілдік көріністерін зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларды әдетте этнолингвистика тұрғысынан алып зерттеген ұтымды. Өйткені тіл білімінің бұл саласы лингвистикамен, этнографиямен, фольклористикамен, мәдениеттанумен және әлеуметтанумен ұштасып жатқан, көп жағдайда солардың жетістіктері мен зерттеу материалдарына сүйенетін және кешенді әдістерді кеңінен пайдаланатын дербес білім саласы, шекаралық кешенді ғылым [2, 404 б.]. Ол өзінің осы табиғатына сәйкес тек бір тілдің емес, қажетіне қарай бірнеше туыс тілдің (кейде тіпті өзге жүйелі тілдің де) деректеріне сүйенеді. «Ақ Жайық» романы – жердің, елдің тарихи оқиғалардың, халық тағдыры үшін күрескен саналы азаматтардың әдеби образы [3, 18 б.]. Автор отарлық езгіден қиналған халықтың бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хәкім, Әлібек, Әділбек, Шолпан, Нұрым т.б.) жасаумен қатар нақты тарихи тұлғалардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан т.б) өмір жолын шебер суреттеді. Халық тарихының бір қиын-қыстау кезеңдерін автор шеберлікпен, асқан шыдамдылықпен хикая еткен. Қат-қабат оқиғалар мен сан алуан тағдылар ескі мен жаңаның бітіспес айқасы, ту даладағы ғаламат шайқастар жазушы шеберлігінің арқасында құлашы кең эпикалық суреттерге айналған. Жазушы өмірді қозғалыс, өсу үстінде, тарихи шындыққа тән бейнелеу ниетінен ауытқымауға ұмтылды. Тарихи күрес дәуірінің қилы- қилы кезеңдері мен сұрапыл шайқастарын жанды да шындық қалпында суреттеу ниетімен жазушы романда әртүрлі көзқарас пен сенімнің, мінез бен әрекеттің, іс пен сөздің адамдарын күрес сахынасына тартқан. Ата-бабамыз қалыптастырған заттық және рухани мәдениеттің бір бөлігі уақыттың тезіне шыдап, келесі ұрпаққа өте бағалы және асыл мұра ретінде қалды. Бұл орайда, Р.Ахметьянов: «Чуваштар мен татарлардың эпосы мен мұралары өзара байланысы жоқ және тілдік материалдарды аз береді екен. Себебі, шуваштар да, сол сияқты татарлар да өзінің ұлттық эпосын иеленбегенін өкінішпен еске алады. Бұл дегеніміз, түріктердің эпикалық поэмалары рулық-тайпалық бөлініспен байланысты болған. Ал, тайпалық одақ татарлар мен шуваштарда өзінің құны ХІV-ХV ғасырларда-ақ жойған екен. Рулық-тайпалық құрылымының бұзылуымен бірге о дүниеге рулық дәстүр болып саналған ата-бабаның ерлігін жырлайтындар да кетіпті. Қыпшақ эпосы тек қана көрші татарларда, ноғайларда, башқұрт пен қазақтарда ғана сақталыпты. Сібір татарларында «Едіге» жыры сақталса, жалпы түркілік эпос «Алпамыс» татар мен шуваштарда қысқа ғана қарасөз үлгі сымағы ғана табылады» - дейді. Р.З. Ахметьяновтың бұл сөзі әр қазақты ойландыруы керек сияқты. Бұндай мәдениет – «мәдени мұра» деп аталады. «Мұрагерлік» - ұлтты біріктіретін өте маңызды фактор. Ол – елді қиын жағдайда ұйымдастырады. «Мәдениет» бұл – атап өткендей аса күрделі, көп 363