БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 36
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
отырады. Әрбір ғылым саласы өзінің зерттеу бағытына сәйкес
құндылықтарды түрліше деңгейде қарастырады.
Қазіргі кезде құндылық термині философия, әлеуметтану,
мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында
кеңінен қарастырылуда. Өйткені, құндылықтың қоғамға жаңа келген буын
бойында сол қоғамның әлеуметтік жүйесіне толықтай берілгендік сезімін
қалыптастыруға көмектесетін әлеуетін көрсету қажет.
Философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттердi
зерделеп, ой елегiнен өткiзiп талдаулар жасау арқылы «құндылық»,
«адамгершiлiк құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық» ұғымының мәнi
жайлы оларға әртүрлi анықтамалар берiлгендiгiн байқауға болады.
Біз құндылық мәселесіне арналған еңбектерден өз зерттеуімізге
қатысты «құндылық» ұғымының
философиялық, психологиялық,
педагогикалық мәніне баса назар аудара отырып, оларды өз зерттеуіміздің
алғышарттары ретінде жүйелі түрде қарастырамыз.
Кесте 1 – Құндылықтар жіктемесі
Психологиялық тұрғыда Педагогикалық
тұрғыда
қ ұ н д ы л ы қ т ар
Адам үшін пайдалы Қоғам үшін әлеуметтік- Жеке
тұлғаның
мәнге
ие тарихи мәні бар және адамгершілігі,
болатындардың
жеке адамдар үшін абыройы
және
барлығы, яғни адамзат тұлғалық мағынасы бар олардың адамгершілік
қоғамының
іргелі болмыстың белгілі бір әрекеттері
немесе
дамуы мен адамның құбылыстары
ретінде адамгершілік
жеке
тұлғасын сипатталады. Сонымен сипаттары, моральдық
жетілдіруге
тиімді бірге
қоғамның нормалар, қағидалар,
ықпал
ететіндердің моральдық
мұраттар,
барлығы.
қатынастарының көріну қайырымдылық,
формасы.
әділеттілік,
бақыт
ұғымдары.
Философиялық
тұрғыда
Құндылықтар дүниесі – жеке тұлғаның дүниетанымына негізделген іс-
әрекет пен тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын, өмірлік ұстанымының беріктігін
анықтайтын, адамзатқа қоғамға, идеологияға, саясатқа, имандылыққа,
білімге, ғылымға, өнерге қатысты, өзі терең түсініп қабылдаған, ішкі және
сыртқы әсерлерге байланысты адам бойында қалыптасқан, биік мақсат
көздеген: ізгі қасиеттердің өмір сүру барысындағы көрінісі деп
тұжырымдауға болады.
Адам әрдайым болып жатқан құбылыстарды (саяси, рухани-
адамгершілік, эстетикалық және т.б.) бағалауға, міндет қоюға, шешімін іздеп,
табуға, оны жүзеге асыруға мәжбүр. Адамның қоршаған ортаға (қоғамға,
табиғатқа, өзіне) көзқарасы екі жақты белгіленеді: практикалық және
теориялық. Практикалық және теориялық көзқарастардың байланысын
аксиологиялық (грек. Аxia – құндылық және logos – ғылым), немесе
құндылықты тұрғы жүзеге асырады. Адам құндылығының өзегін құрайтын
және оны зерттейтін саланы аксиология дейді.
35