БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 35
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Ұлттық:
- Ар, намыс, ана тілі, діл, рух, тәубашылдық, ризашылдық, Отанының
тарихы, туған жер, ізеттілік, парасаттылық, рахымшылдық, қанағатшылдық,
ата салты, дәстүр, жеті атасы, шежіресі [3].
Мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар,
жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың түйінді
құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Бастауыш сынып оқушыларына рухани-адамгершiлiк тәрбие беру –
қазiргi мектептердегi басты мiндеттердiң бiрi, өйткенi, бiздiң қоғам өмiрiнде
рухани-адамгершiлiк бастамалардың рөлi барған сайын артып, iзгiлiк,
имандылық, мейiрiмдiлiк сияқты рухани-адамгершiлiк құндылықтардың
ықпал аясы кеңейiп келедi.
Адам – адамзаттық, даналық болмысын өз бойына жинақтаған тіршілік
иесі. Ал тіршілік иесі – әлемдегі сан алуан халықтың, мемлекеттің, этникалық
немесе әлеуметтік топтардың, адамдардың ортақ белгілері мен
ұқсастықтарын біріктіретін жалпы адамзаттық құндылық түзетін пенде.
Қазiргi кезде қоғам өзгерiстерiнiң шешушi факторы – адам, сондықтан
«Адам-қоғам», «Адам-әлем» қатынастарынан адамдардың әлемге, қоршаған
орта, қоғамға көзқарасы қандай ұстанымдарға қатысты, әлемдегi
құндылықтарды түсiну де маңызды. Құндылық қатынастар философияның
негiзгi мәселелерiнiң бiрi – «Адам-әлем» қатынасының ғажап құбылыстары
мол, ерекшелiктерi, құндылығы жеткiлiктi, әсiресе адамның ең жоғарғы
қасиеттерiне ұмтылысы үздiксiз жалғасады. Адамның қоғамға қатынасының
ерекшелiгi адамның адамға қатынасы, ұлы, дана адамдар, ғажап пiкiрлер,
еңбектер жасаған, өнер атаулыға қарап, көрiп, тыңдап-қуану, сүйсiну,
таңдану, табыну пайда болады.
Адам баласы рухани жеке материалдық өмiрде арасында өмiр сүрiп, өзi
еңбек етушi қоғамда, ұжымда ұлттың, рудың мүшесi ретiнде ақыл-ой, ерiк-
жiгер, мiнез-құлық ерекшелiгiмен көрiнуге ұмтылады. Барлық адамдардың
мiнез-құлықтық қасиеттерi бiрдей, өзара жуық болып келуi екiталай, әрбiр
адам жеке тұлға.
Адам – жер бетiндегi тiрi ағзалардың ең жоғарғы сатысы, қоғамдық-
тарихи iс-әрекет пен қарым-қатынас, мәдениеттің субъектiсi. Адамның iс-
әрекетi, сезiмi мен ойлау ерекшелiктерi оның өмiр сүрiп отырған қоғамдық-
тарихи жағдайларына тәуелдi болады. Осы ұғым XXI ғасырда жер бетіндегі
бүкіл адамзаттық тұтастық идеясына айналуда.
Құндылықтың өзегі – Адам, тәрбиесі – Адам болу. Қазіргі кездегі
тәрбиенің ерекшелігі – адамшылық, азаматтық қасиеттің сынға түсуі
еліміздегі әлеуметтік болмысымыздың жаңаруына әкеледі. Бұны жасайтын –
Адам. Сондықтан мектеп тәрбиесі – болашақ адам тұлғасын
қалыптастыратын орта. Құндылықтар сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және
сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді.
Болашақ ұрпақты жас кезінен сан ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік
тарихы бар құндылықтар негізінде тәрбиелейтін мазмұнды ақпараттар өте
мол. Олар ғұлама ойшылдардың, педагогтар мен психологтардың
еңбектерінде түрлі көзқарастарда баяндалып, атадан балаға ұласатын
құндылық сезім ниеттер, ұмтылыстар, тұлғаның бағыттылығын анықтайтын
ізгі қасиеттерді қамтиды. Бұл өз кезегінде ғылым әлеміндегі құндылықтар
ұғымына байланысты алуан түрлі тұжырымдармен айқындалып, нақтыланып
34