БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 34

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез келген тәуелсіз мемлекеттің рухани даму үдерістерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында тұрған халықтардың бүгінгі өмірінен туындайды, оның тарихи сабақтастығы және салт-дәстүрімен айқындалады. Сондай-ақ оның өткен өмірі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталады. Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық білімнің озық, өнегелі үлгілерін оқыту үдерісінде қолдану бүгінгі білім жүйесіне қажет те пайдалы мәселе. Бүгінде жаһандану үдерiсi қоғам өмiрiнiң барлық саласына: экономика, саясат, мәдениет, тiл, бiлiм, рухани-адамгершiлiк даму, халықаралық қатынастарға әсерiн тигiзiп отыр. Осыған орай жаһандану және ұлттық ынтымақтастықты құрметтеу барысында жастар бойындағы құнды қасиеттерді: елжандылықты, ұлтжандылықты, адамгершілікті қалыптастыру міндеті туындауда. Ол міндетті іске асырушы маңызды әлеуметтік институттың бірі – мектеп. Бүгінгі таңда білім, ғылым саласы қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ендеше, егемен елдің болашақ азаматтары – бүгінгі оқушылардың қандай құндылықтарға бағытталғандығы, нені қадірлеп, қастерлейтіні, қоғамда қандай әлеуметтік қызметті атқаруға даяр екендігі мемлекеттің өсіп-өркендеуіне әсер етуші факторлардың бірі ретінде маңызды рөл атқарады. Осы орайда, жас ұрпаққа білім берумен ғана шектелмей, оларға адами, ізгілік білімін де беру қажеттігі туындап отыр. Адамдар өз бойларындағы білімдерін жақсы іске емес, керісінше қатыгездікке, жаман нәрселерге бағыттайтын болып барады. Сондықтан қайтсек осынау жас өскіннің бойына сүйіспеншілік пен адами қасиетті қалыптастыруға болады деген ұстаздар үлкен жауапты міндет төңірегінде ой түйді. Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыда азамат болып қалыптасуы, ұзақ мерзімді оқу-тәрбиенің негізінде білім мен тәрбие негіздерін игерту ордасы – мектепте өтеді. Мектеп қабырғасында игерілетін білім мазмұны, оқушылардың ғылым негіздерімен қоса тәрбие заңдылықтарын да қамтиды. Тәрбие қоғам мәдениетін жасаушы, әрі сақтаушы, әрі оны келер ұрпаққа жеткізуші басты құралдардың бірі. Сонымен бірге, тәрбие беру арқылы тұлғаның іштей дамуына мүмкіндік бере отырып, оны рухани құндылықтарды жасауға, насихаттауға жетелейді. Педагог ғалым К.Ж. Қожахметова мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені ұлттық салт пен дәстүрге негіздеп ұйымдастыруды көздейтін этноәлеуметтік рөлдерге баулуды ұсынады. Сонымен қатар ғалым әр адамның бойына қуат беретін, жігерін жасытпай рухтандыратын ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды ерекше бағалай келе төмендегідей түрде жіктейді: Жалпы адамзаттық: - Отан, отбасы, тәрбие, білім, махаббат, достық, бейбітшілік, теңдік, бостандық, ана тілі, дін, өнер, жауапкершілік, адалдық, отансүйгіштік, сенім, ерлік, азаматтық, сыйластық, түсініспеншілік, мейірбандық. 33