БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 33
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
logical analysis, a method of generalizing information were used. As a result, the
authors proposed recommendations for improving the quality of educational
process in educational organizations of the Republic of Kazakhstan, taking into
account the requirements of international comparative studies.
Keywords: functional literacy; secondary education; Kazakhstan;
development benchmark; participation.
______________________________________________________
ӘОЖ 372.3
Сәдуақас Г.Т. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
E-mail: [email protected]
Хамидуллина А.М. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ
магистранты
E-mail: [email protected]
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аңдатпа. Мақалада білім саласы мен қоғамдағы өзекті мәселелердің
біріне айналып отырған бастауыш сынып оқушыларының бойында өзіндік
тарихы бар жалпы адамзаттық және ұлттық, рухани-адамгершілік
құндылықтар негізінде оқушылардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын
қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Мектепте оқушылардың ғылым
негізімен бірге рухани-адамгершiлiк құндылықтардың да маңыздылығы
көрсетілген. Оқулықтарда берілген көркем мінез, жылы жүрек, жарасымды
қарым-қатынас, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек, жомарттық т.б
дәріптейтін мәтіндер арқылы оқушылардың бойына адами құндылықтарды
дарытудың өзектілігі көрсетілген.
Тірек сөздер: құндылық, жалпыадамзаттық, рухани-адамгершілік,
ұлттық құндылық бағдар, құндылықтар жүйесі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабында «Білім
беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау», – деп атап көрсетілген [1].
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жан-жақты
жетілген жастарды қалыптастыру, адамгершілікке баулудың негізгі
бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасында «Қазақстан-2050»
стратегиясында айрықша көрсетілген.
Елбасы Н.Назарбаев: «...оқушыларды қазақстандық патриотизм,
шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде тәрбиелеу аса қажет...
ұлттық мiнез-құлық, биiк талғампаздық, тәкәппарлық, тектiлiк, бiлiмдiлiк,
ұлттық намыс қасиеттерiн сiңiрiп қалыптастыруымыз керек», - дегенi мәлiм [2].
Бүгінгі таңда қазақ халқы қуатты мемлекетке айналып, өзінің
қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы
32