БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 359

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. тіркестің мәнінде әйелге тән төзімділікті құрметтеу құндылығы жатыр. Қазақ халқы қыздың қырық үйден тыйым өсірсе де, ретімен еркелетіп, келін болған соң, күйбең тіршілікке көшеді деп төрге отырғызып, өз үйінде мәртебесін жоғары қойған. Қыз келін болғаннан кейін балалы болып, өзі келін алғанша, тіпті кәрілік келгенше босағада отырады. Бір үйдің түтінін түтетіп, бүкіл жастық, кемелдік жасын отбасының ұйытқысына арнайды. Қыз кезінде еркелеп, еркімен өскен жанның әйелдік өміріндегі тұрмысы еркімен демалуға, еркімен сауықтап сайраңдауға мейлінше мүмкіндік бере бермейді. Әйелдік өмірге бейімделудің, күнделікті бітпейтін отбасылық тірлікті ретімен орындауға дағдыланудың қиын түсінген қазақ халқы әйелдің мәртебесін «қырық жанды» деп бағалаған. Әйелдік өмірге бейімделудің өзін құнды қасиет деп таныған. «Әйел қырық шырақты» фразеологизмінің астарында отбасының түтінін түтетуші тұлға бейнесін сипаттау мәні жатыр. Қазақта қырық шырақ жағу – исламға дейінгі наным-сенім бойынша қайтыс болған адамның аруағына арнап қырық күнге дейін, яғни қырқы өткенше шырақ тұтатып артын күту. Шырақ жағу жоралғысы әйелдің міндеті болып саналады. Отбасында отағасы немесе баласы, т.б қайтыс болғанда әйелі, анасы шырақ жағуды ұмытпаған. Әйел қырық шырақты деген түсінік осыдан қалған. Марқұмның жаны қырық күн өткенше үйіне келіп, «шырақ жағарым бар ма екен» деп, үйдегілердің жай күйін - біліп жүреді деген түсініктен туған. Өлік шығарған үйдәі әйелі кеш қараңғысы түсе, есікті айқара ашып, оң жақ босағаға ақ киіз төсеп, аруақ дәметеді деп тостағанға қымыз құйып, шырақтың қасына қояды. Қайтыс болған адамды еске алғанда ұстағаның шырақ, мінгенің пырақ болсын дейді. Қыз қырық шырақты, бірінен болмаса, бірінен бағы ашылады деген қазақ мақалы аруақтардың бірі болмаса, бірі орайы келіп, сәті түспей, жолы ашылмай жүрген қызды қолдап, желеп-жебейді деген түсінікті аңғартады. Адам бар жерде құндылық та қатар жүреді. Ол адамға ғана емес, оны қоршаған ортаға да тікелей байланысты. Құндылық – әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын сипаты іспетті. Ол әр затқа табиғатынан тиесілі емес. Әр адамның таным-түсінігіне, көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ. Ұлттың, елдің дамуында ұлттық құндылықтардың алар орны ерекше. Оларсыз маңдайы жарқыраған, төрт аяғын тең басқан өркениетті ел болу да қиын. Қай ғасырда болмасын рухани мұра, рухани құндылық – ұлтты ұлт ретінде қалыптастырып, ұлт ретінде өмір сүруінің кепіліне айналған тарихи дүние. Демек, қазақ танымында құндылық жақсы өмірдің негізі ретінде, тәрбиенің тірегі ретінде қызмет етеді. Содықтан адам құндылықтарын айқындайтын құралдарды игеру аялық білімнің менталды құрылымы мен оның тілдегі кодталу әрекетімен тығыз байланысты. Аксиологиялық бірліктер әдетте, метафоралы қолданыстарда немесе концептуалды метафора құрамында жиі кездеседі. Мәселен, қырық жеті - айттырылған қыздың әкесіне жігіт әкесінің беретін қалыңмалы. Қырық жеті сый-сияпаттан тұратын дүниені толық беру қалыңмалын өтеумен тең болған. Қазақта қыз дүниеге келсе, «қырық жеті туылды, қырық жеті келді» деп сүйінші сұрайды. Демек, қалыңмалы берілетін қыз дүниеге келді деген ақпаратты тұспалдап жеткізудің астарында «көз тимесін» деген ниет те бар. Кейде қырық жеті қалыңмалдың құрамында болатын қырық жылқыны негізге алып, қызды «қырық жылқылы» деп 358