БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 358

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. фразеологизмдер халықтың ғибратын, дүниенің құндылық бейнесін танытатын тілдік қолданыс. Тіліміздегі паремиологиялық қор халықтың мәдени танымын интерпретациялаушы құрал ретінде қызмет атқарады. Себебі олар - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен халықтың философиясы, яғни тіл тұтынушысының құнды өсиеттері. Мысалы, «қызға қырық үйден тыйым» фразеологиялық қолданысы бар. Бұл қолданыс әрі мәтел ретінде де жұмсалады. Себебі тәрбиелік құндылығы жоғары паремия. Қазақ халқы қыздың тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыздың инабатты, сыпайы, көркем мінезді болып өсуін қадағалайтын болған. Қырық үйден тыйым дегені қырық рулы ел, яғни бүкіл ауыл қыздың жүріс-тұрысына, іс- әрекетіне, сөйлеген сөзіне сынмен қарап, кемшілігі болғанда түзетіп отырған. Қыз, рулық-фратриялық қоғамда қалыптасқан этикалық қатынас бойынша бір ғана үйдің емес, күллі ауылдың, рудың қызы болып есептеледі, сондықтан қызға қырық үйден тыю деп, қыз тәрбиесіне ауыл-әулет болып көңіл бөледі. Ауыл-әулет болып әлпештеп өсірген қыз сол елдің мақтанышы, абыройы болып, қыз өссе елдің көркі саналады. Әсіресе алыс-жақын жеңгелерімен араласа, әзілдесе жүріп, оларға өзімсініп, өктемдеу сөйлейді. Қыз қой сауу, арқан есе білу, кілем тоқып, кесте тігу, қонаққа шай құю т.б. үй шаруасына үйренуі тиіс болған . «Қызға қырық үйден тыю» деп қыз баланы үй іші жұмыстарын игерумен қатар инабаттылыққа тәрбилейді. Анасының тәрбиесін көріп өскен қыз бала тұрмысқа шығып, жеке отбасын құрғанда анасынан алған тәлім-тәрбиесінің арқасында күйеуіне адал жар болып, өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелейді. Демек, қыз тәрбиесін үшін айтылатын «қырық үйден тыйым» мәтеліндегі қырық үй - бүкіл ауыл дегенді білдіреді. Қырық кісінің ақылын тыңдамай өскен қыз ауылға масқара болатын жағдайлары да кездескен. Мысалы, «Егер қыз күйеуінің алдында пәк болса, қыз жеңгелері сүйінші сұрасып, өзара шүйіркелесіп, қуанып қалады. Ал керісінше болса арты дау-дамайға ұласады. Мұның соңы күйеу жігіттің қалыңдықтан бас тартып, әкелген қалың малын қайтарып алуына әкелген. Дегенмен «қызға қырық үйден тию, қала берді есік алдындағы қара күңнен тию» деген қағиданы берік ұстанған халық арасында мұндай масқаралыққа жол берілмеген» [1]. Қырық жас - қамал бұзар жас деп түсінген қазақ халқы қырық жасқа ерекше мән берген. Адам жасына қатысты қырық жас – қазақ түсінігінде ақыл тоқтайтын, даналық қонатын, дене күші толысатын кемел жас. Әйгілі Жетес шешеннің: Қырық жас та – бір дәуір, Ақ алмастай жарқылдадым, Сөз кезегі келгенде маған адам жетпеді, – дейтін шешендік толғауын бар. Сондай-ақ, қазақ халқының паремиологиялық қорындағы «қымыздан артық ас жоқ, қырықтан артық жас жоқ», «жақсы қырқында толады, жаман қырқында солады», «отызда орда бұзбаған қырқында қамал алмайды» деген мақалдарда қырық жасты күш-қуаттың эталоны іспетті таниды. «Әйелдің қырық жаны бар, әйел - қырық шырақты» деген фразеологиялық қолданыстардағы қырық саны да бекер емес. Басқа халықтармен салыстырғанда, қазақ тұрмысында әйелдің атқарар қызметі өте көп. Үй тіршілігімен қоса, сыртқы мал шаруашылығындағы тірлігі, бала тәрбиесі, қонақ жайын күтуі, таңдан кешке дейінгі күйбең өміріне басқа халықтың әйелі төтеп бере алмас еді. Осы қиындыққа төзген, сол тіршілікке «қайнап піскен» қазақ әйелінің төзімділігін «қырық жаны» бар деп бейнелегенін байқаймыз. Демек, «әйелдің қырық жаны бар» деген тұрақты 357