БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Seite 357

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. С.Г. Павловтың зерттеуінде аксиология ілімі «тіл- сана - қоғам- мәдениет- адам» тізбегінің тұтастығында құндылықтың пайда болатынын зерттейтін ғылым екенін дәйектей түседі [11]. Аксиология дегеніміз құндылықтың адамнан адамға, этностан этносқа тарайтын үзілмес, біріді жүйе. Демек, мәдениеттің өркендеу, даму қарқынында құндылықтарды тек мәдениеттанымдық көзқараста ғана емес, сондай-ақ лингвоаксиологиялық тұрғыдан да зерттеу маңызды. Себебі тіл мәдениет дамуымен қатар өрбитін жүйе. Сонымен, лингвоаксиология аясында, лингвомәдениеттану негізінде әлемдік құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың тілдік көрінісін зерттеудің тәсілдері қалыптасты.Құндылықтарды тілдік жүйеде зерттеу арқылы тіл мен мәдениеттің сабақтастығын, ұлттың мәдениетін, этносқа тән құндылықтар жүйесін тануға мүмкіндік туды. Қазақ танымында «қырық күнде жан біту», «қырық күнде жан кету» ұғымдары бар. Қайтыс болған кісінің қырқын беру ұмытылмас құндылықтардың бірі. Өлікті жөнелтудің бір жылдың рәсіміне енетін дәстүрдің қатарына жатады. Қырқын беру – адам дүниеден өткеніне қырық күн толғанда атқарылатын ғұрып. Қырқына дейін марқұмның басына ескерткіш тасын немесе қоршау орнатады. Бұл, сірә, қырық күнге дейін өлген адамның жаны өз үйіне «келіп» жүреді, тек қырық күн өткен соң ғана түпкілікті тастап шығады деген көне нанымға байланысты болса керек. Қырқына дейін үйде шырақ немес шамды сөндірмеуге тырысады. Ол үшін оң жақ босағада әр күн сайын қырық шырақ жағылды. Бұл марқұмның артында қалған «түтінін түтетер, жарығын сөндірмес» ұрпағы бар дегенді білдіреді. Сонымен қатар,егер қараңғыда қалдырса аруаққа зиянкес күштер қастандық жасауы мүмкін деген көне түсініктен туған жосын. Көрдегі мәйіттің денесі 40 күнге дейін толық сақталып, 41-ші күннен бастап бұзылады деп есептеген. Қырық күннен бастап бұзыла бастаған мәйіт әбден ағып біткен кезде, өлген адамның о дүниедегі «шын өмірі басталады» деп санаған. Рух адамның тәнін өлерден қырық күн бұрын тастайды. Сөйтіп, құсқа (көгершінге) айналып, ұшып барып бәйтеректің жапырағында өз адамының есімі жазылған бұтаға қонады. Бұнда адамның аты жазылған қисапсыз жапырақтар көктеп-солып, алма- кезек ауысып тұрады. Жан адам өлгенде шыбын бейнесінде денеден шығып (шыбын жаны шырқырау), үй ішінде ұшып жүреді. Тек қырық күннен кейін барып, үйді біржолата тастайды. Бәйтеректің діңгегі арқылы әлгі жан жерге түсіп, не жерге шығып жүреді де, мезгілі болғанда әйелдің құрсағына қонады, сөйтіп, жаңа өмір пайда болады [энц]. Қазақтың қырқын беруге ерекше мән беретіні, оны рухани құндылық ретінде бағалауы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу салты ретінде құрметтеуінің түпкі мәні халық санасында өлік жөнелту рәсіміне қатысты аталмыш дүние бейнесінің мызғымай терең сақталуына байланысты. Қырық – халықтың мифтік санасында киелі, қасиетті саналатын сандар тобының бірі. Қырық сөзі сандық мағынаны білдірумен қатар тұрақты сөз орамдарының жасалуына ұйтқы болып, адам өмірінің әралуан саласына қатысты ұғымда жұмсалған. Тілімізде қырық санына қатысты пермиологиялық қолданыстар көп. Халықтың айтпақ ойы мен сезімін жеткізуде аксиологиялық еркіндікке ие болатын бейнелі қолданыстардың бірі - фразеологизмдер. Себебі, 356