БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 356

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. кеңістіктің коммуникативтік белсенділігі, гуманитарлық ғылымдардың когнитивтік үдерісіндегі қарқынды динамика «Тіл» таңбасы арқылы даму үстінде. Бұндай жағдайда лингвистиканың аса өзекті мәселелер «алаңы» кеңейеді, соған сәйкес лингвистикалық ілімді қажетсіну мұқтаждығы да өздігінен туындай бастайды. Тілдегі ілім мен білімді түсінуге ұмтылыс көбейеді, тілді философиялық тұрғыдан түсіне отырып, қажетті білім алуы дағдыланады. Тілдің энергиялық табиғаты жан-жақты пәнаралық зерттеуді талап етеді. Себебі қазіргі гумантарлық зерттеулерде философияны түсіну үшін тілдің бойындағы кодталған сөздерді тану керек, тілді тану үшін когнитивтік аялық білім басым болуы керек [3, 13 б.] Аксиология сөзі этимологиялық тұрғыдан тіл ғылымына негізделген ежелгі тілдік дәстүрден пайда болған. Көне гректің ἀξιόλογος — құнды, маңызды, өзекті деген сөзі мен λόγος - сөз, ұғым, термин, ілім сөздерінің бірігуінен жасалған [4, 4-5 б.]. Аксиология атауын философияда ғылыми термин ретінде алғаш рет П.Лапи қолданған болатын. Ол 1902 жылы аксиология ұғымын «құндылықтар туралы философиялық ілім» деп танытты. [5, 3 б.], Аксиология ұғымы кейіннен «мәдениет пен рух туралы ілім» деп жалпы ілімдер жүйесінде көріне бастады. Ал құндылықтың өзі – рухани әлемнің маңызды категорияларының бірі. Сондықтан аксиология адам үшін рухани құндылыққа басымдық беретін, мәдениет әлемін қалыптастыратын, адамзатты тұлға ретінде тәрбиелейтін қажеттілік болып саналады. Бастапқыда аксиологиялық ілім статикалық тәсілде танылды, яғни әлемдік құндылықтар табиғатын жинақтай келе, олардың жүйелілігін, әртүрлілігін айқындады, нәтижесінде «мәңгілік» құндылықтар мен абсолют құндылықтардың ара жігін ашып берді [6]. Ал қазіргі аксиология синергетикалық дүниетанымға сәйкес және әлемдік өзгерістің тұрақты екенін сезінгеннен кейін, «өзгермелі құндылық өзгермелі әлемде танылады» деген көзқараста сипатталады. Демек, аксиология әлеуметтік-мәдени ортадағы өмір болмысындағы құндылықтың қалыптасуы, тұрақталуы, жойылуы, жоғалуы ықтимал болады деген түсінікпен ұғынылады. Сондай-ақ құндылық жалпылықтан жекелікке бет бұрды. Көне дәуірде ұлт, тайпа, халық үшін құндылық ортақ болса, қазіргі өркендеу дәуірінде жеке тұлға көзқарасында танылатын құндылықтар бар. Қазіргі таңда аксиология - пәнаралық ғылым. Аксиология менлингвистиканың сабақтастаса зерттелуінен құндылықтардың параметрлері мен маңызы айқындалу үстінде. Себебі құндылық деп танылатын ұғымдар тіл арқылы танылатыны белгілі. Тіл мен құндылықтар ілімінің тоғысуынан лингвоаксиология ғылымы қалыптасты [7]. Расында да құндылық мәніндегі сөздердің ұғынылуы, санада сақталуы, ұрпаққа жалғасуы тіл арқылы жүзеге асырылады. Тіл арқылы адамның әлемге деген құндылық қатынастары қалыптасады. Бүгінгі күні тіл өзін-өзі басқаратын, коммуникативті жүйе, тілдің дамуы тірі организмнің дамуымен пара-пар [8, 32 б.], « тіл ұлттың санасындағы дүниенің мәдени бейнесін зерделейді, вербалдайды және оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді [9, 18 б.]. Рухани құндылықтардың түп тамыры мәдениеттен бастау алады, сондай-ақ тілде сақталуға мүмкіндікке ие болады. Рухани құндылықтар жалпыадамзаттық, ұлттық, топтық, отбасылық, дара- тұлғалық болып жіктеледі Духовные ценности глубоко укоренены в культуре и имеют свойство [10, 9 б.]. 355