БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Seite 355

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Қалыңмалы көп болсын деген ырыммен, қызды қырық күннен асырып, қалың малын аз төлейтін жерден қыз алайық, ер жігіт тез ер жетсін деп, ер баланы 37-39 күнде қырқынан шығаратын болған. Бұдан тыс қыз баланың ұлға қарағанда ширақ болатын ерекшелігін ескерген халықтық тәжірибенің де көрінісі бар деп санауға болады. Баланың шашын, тырнағын алу мен шомылдыруға өнерлі, өжет, ісмер және пысық әйелдер таңдалады. Бұл осы игі қасиеттер балаға да жұғысты болсын, сол адамға тартсын деген ырым. қырқынан шығарарда арнайы алынған жаңа тостағанға жиналған үлкен әжелер мен қыз-келіншектер қырық қасық (кей өңірлерде қырық бір қасық) су құйып, әр қасық су құйған сайын жақсы тілектерін білдіріп отырады. Бала шомылдыратын үлкен ыдысқа осы қырық қасық сумен бірге еселеп тағы су құйылады. Бала малды болсын деген ырымға сәйкес осы суға қырық құмалақ (кей өңірде 41 құмалақты) салып, шомылдыру барысында әр құмалақты бір- бірлеп баланың басына қасық сумен бірге құяды. Бұл рәсім атқарылып біткеннен кейін осы қасық пен тостағанды шомылдырған адамдарға береді, сонымен қоса, жөн жосығына қарай әшекейлерден кәде береді. Ол үшін алдын-ала суға құмалақпен бірге күміс теңгелер, әшекей бұйымдар, асықтар салынады. Салынған нәрселерді, әшекейлерді баланы шомылдырған кісілер бөліп алады. Қырқынан шығарылған суды аяқ баспайтын жерге немесе қой қораның ішіне төгеді. Ал, кейбір аймақта алғашқы шомылдырған суын шілде суы деп атап, одан ыдысқа құйып алып қалады. Кейін баланың денесінде қызарған жер, бөрткен пайда болса осы судан жақса шипа болады деп есептеген. Баланың кіндік шешесі киігізген, қырық күн киген «итжейдесіне» әртүрлі тәттілер салынып, ит мойнына байланады. Итті қуалай ұстап алған балалар оның мойнына оралған тәттіні бөлісіп жейді. Халықтық наным-сенім бойынша өмірге келген адам қырық күнге дейін екі дүниенің ортасында тұрады. Яғни, қырық күннің ішінде бала әлі де табиғаттан адамдар әлеміне, өмірге өтпейді, өтпелі кезеңде болады деп есептеген. Сол себепті қырқынан шыққанша жаңа босанған әйел мен сәби үйден сыртқа шығып, елдің көзіне түспей ерекше бағым-күтімде болады. Қырқынан шыққанға дейін «адамның қарнынан шыққан» деп баланы иіскеп, сүюге тыйым салынады. Қырық күннен кейін сәби мен анасы ширап, адам қатарына қосылады. Қырқынан шыққан ана мен бала «қырық қадам аттап» қырық үйді аралап қонаққа барған. Барған үйлері «қуыс үйден құр шықпасын» деп әртүрлі сый тартқан. Дәстүрлі ортада баланың қырқынан шығар тойына әнші, ақындар шақырылып, ақсақалдан балаға азан шақыртып ат қойып бата беруді өтінетін. Баланың атын қырқынан шыққан соң қою өмірге енді келгенін әйгілейтін наным-сенімге негізделген көне жосын болып саналады. Жиналғандар тойбастар айтып, арты кішігірім тойға ұласады» [1]. Сонымен «қырық қасық су», «қырық құмалақ салу», «қырық қадам аттап қыдыру» сияқты дәстүр атрибуттары «қырқынан шығару» лингвоаксиологиялық ұғымын толықтыратын түсініктер. Демек, «қырқынан шығару» ұғымындағы қырық саны адамның дүниеге келгеннен кейінгі, дүниеден өткеннен кейінгі жанының сақталу/сақталмау сынағынан өтетін уақыттың мөлшері іспеттес. Сондықтан қырық - қазақ танымында аксиологиялық ұғым. Лингвоаксиология тіл арқылы халықтың аса жоғары бағалайтын әлемін тануға, шынайы адал өмір сүру үшін өзекті әрі болуға тиісті деп танылатын әрекеттердің таңдалуын зерттеуге негізделеді [2]. Қазіргі дәуірде ғылыми 354