БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 339

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. «Арсыз қолым істеді, арлы бетім ұялды» дегенім кімді жұбатады? Сендерді не деп уатады?». Бұл – жатақтар басындағы ауыр халді көріп, күйінген өкініш пен наладан туған жүрек шері. Абай көңіліндегі мұң мен жатақтар мұңының үндестігі байқалады. Жатақтарға сес көрсетіп, қорқытып ұстауға құмар топпен бітіспес айқасқа шыққан Абай қоғамдағы қайшылықтарды көкірек көзімен сезеді. Тамыры терең қайшылықтан туған тірлік тартысына Абай ақыл көзімен қарайды. Түрлі қақтығыстардың төркіні әлеуметтік теңсіздікке келіп тірелетінін сезінген сайын Абай көңілі құлази түседі. Жатақтарды жұттан құтқарудағы арпалыс, Шүйгінсудағы Әзімбай жанжалының кесірі, Құнанбай соғымға даярлатқан малдарының қолды болуы, Базаралы мен Нұрғаным сыбысы, тоналған керуен, жоғарыдан келген чиновниктердің аттарынан айырылып, жаяу қалулары, Қаумен қарттың балаларының қуғынға ұшырауы – бәрі Абайды күйзелтеді. Ояздың тапсырмасымен Салиқа қыздың дауын шешу тұсында Абай өзіне көмекшілікке таңдаған Оразбай мен Жиреншенің параға сатылып, әділетсіз үкімді жақтағандарына налиды. «Ата жолынан өзің де азып, елді де аздырып тұрсың» деген Жиренше мен Оразбайға: «Мен Кеңгірбайдың ұлы емеспін. Адамның ұлымын», - дейді Абай. Балқыбек сиязында Жиренше, Тәкежан, Майбасарлар Абайды жамандаса, Жиренше мен Оразбайлар «Көрерміз» деп тістерін басып қайтады. Ал даудың иелері Найман мен Керей жағы: «Бұрынғы қара қазақ жолынан жолы басқа, үні басқа, лебінде елге ем болайын деп тұрған жақсы ырым бар, сөзі дуалы, беті алмасты, бұл өңірдің абыройлы адамының бірі болғалы тұрған жан екен!» деп бағалап, тарқасады. Салиқа қыз дауын шешуде әділетсіз әдет-ғұрыпқа қарсы жаңа жол ұсынған Абай гуманизмі асқақтай түседі. Теңін аңсап, тілегі болмаса суық құшақтан тұңғиыққа батып, өлгенді артық санған Салиқа қыздың тағдыры мен Абайдың «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» балладасында үндестік бар. Эпопеяның екінші кітабында автор Абайдың ақындық табиғатына, оның бастау бұлағының тамырына, ақын шығармашылығын нәрлендірген және оны тудырған себептерді ашуға көбірек көңіл бөлген. Абай мен Ербол адасып, тағдыр айдауымен Шүкіманның үйіне түсіп, Абайдың көзшырымын алған сәттегі көрген түсінде ақын болашағына болжам бар. Абай түс пен өңін ажырата алмаған сәтін дұрыс түсіне алмай, тек бал ашқандай боп, бұлдыр болжам жасайды. Өз өмірінің алдын көруді бақсы-балшы, сәуегейлікке емес, Абай ақындыққа балап, «осы мен тегі ақын болсам керек» деген сөзді тәңірден келген шабыт үстінде айтқан еді. Әуезов Абай шығармашылығындағы орыс әдебиетінің ықпалын әсерлі суреттеген. Эпопеяның екінші кітабындағы соңғы тарау «Биіктеде» Абайдың Пушкин поэзиясымен табысқаны, одан алған нәрін халқына ұсынғаны, қос ақынның рухани жағынан үндестіктері барынша шеберлікпен айшықталған. Эпопеяда Абай шығармашылығының лабораториясына жазушы емін- еркін еніп, қазақ қоғамының көркін бейнелеудегі ақынның ақыл-ой, білім- парасатын танытатын біршама өлеңдерінің тағылымдық сипаты заманның рухани мұратына сай дүниелер екенін әдемі сабақтастыра бедерлеген. Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолыңда», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Қараша, 338