БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 338
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
З.Шашкин жазушының кейіпкер портретін беруде кескіндік сипаты іс пен
мінездің бірлігіне апаратынын дәл танып, «көздің түсінің ғана бояуы
табылмаған. Көзде қандай сыр бар, қандай ойдың көлеңкесі түскен, соны
қатар беріп отырады ... көздің бояуымен қабат, көз нұрына толқыған сезімнің
әсерін беру Әуезовтің жазушылық ерекшелігі деп білемін» деп баға береді [2,
196 б.].
Эпопеяның бірінші кітабында Абай өскен ортаның әлеуметтік шындығы
барынша ашылады. Абайды ерте есейткен сахарадағы әр түрлі қарым-
қатынастар тізбегіне Қодар-Қамқа драмасының, Барлас, Байтас, Шөже
жырларының, Бөжей, Байсал, Сүйіндік, Байдалы, Қаратайлармен болған
әңгімелесулердің, Қарқаралы сапарының, Кәмшат тағдырының өзіндік
үлестері бар.
Эпопеяның екінші кітабында көкірегінде көзі бар Абайдың ақындық атты
әлемдегі үміт-арманы, ізгілікті аңсауы, бұрын қазақ поэзиясында көрінбеген
жаңа ойларды айтуға жолашар болған жағдаяттар көрініс береді. Абайдың
ақындық әлемінің қуаттануына екі үлкен құбылыстың әсер еткенін жазушы
бағамдап жеткізеді. Абайдың қазақ даласына жер ауып келген ойы озық,
саясат қыспағына қасқая қарсы тұрған өжет идеяны тұтынушылармен
пікірлес болуы, ақынның қоғамдағы алатын орнын жан-жақты зерделеуі –
оның алғашқысы. Ақынның ел келбетін танып, халық мұратын ұғынып,
қиянат-қысастықты тізгіндер ізгілікті іздеуі – екіншісі.
Қазақ болмысының табиғатын тануға талпынған Абайдың ақыл-ой
ізденістері – ел басындағы келеңсіздіктің бәрі, надандық пен қараңғылықтан
дегенге жүгінеді. Ол қазақтың өзге жұртпен байланысының өрісті болмауы,
томаға-тұйықтық, жасану үрдісіндегі жаңалықтардан шет қалуы, күнкөріс
қарекетіне әсер ететінін терең түсінеді.
Ояз бастығының өтінішімен болыс сайлауының әділ өтуін қадағалаған
Абай бұрын бір мәрте болыс болып, елге жақпаған Тәкежанды үміткерлер
тізімінен сыздырып тастайды. Бұл оның жақын-жұрағаттың мүддесін емес,
көпшіліктің мүддесі орындалуын нысанаға ұстайтынын білдіреді. Сайлауды
мүмкіндігінше әділ өтті деп санаған Абай, өзі қолтығынан демеп болыстыққа
өткізген адамдарының сертінен тайып, ел мүддесінен өз мүдделерін алдыға
шығарғанын естігенде, ізгілік мұратын іздеген көңілі су сепкендей болды.
Адал еңбекті аңсаған үміті орындалмағанына қапаланады.
Ералыдағы жатақтардың өмірі де Абайдың бір бүйірінде. Сәті келген
мезгілде олардың тіршілік қарекетін көріп, Дәркембай, Дәндібайлармен
дидарласуды өзінің парызы санайды. Жаңа тірлікке ойысқан кедей-кепшіктің
бұрынғыдай ауқаттының қабағына қарамай, өз күнкөрістерінің көзін тауып
жатқаны оны қуантқандай. Жатақ деп аталатын шоғырдың отырықшыға бет
бұрғанын, енді баяғысынша тек мал соңынан жүрмей, егін салу, бау-бақша
өсіруге талпынысын жақсылықтың хабаршысындай сезінеді.
Майбасар, Тәкежандардың жатақтарға қысастығын, пісіп тұрған егінге
жылқы қаптатқанын, бірер қараларын ұрыларға олжалатқанын естіп, тағы да
өзім дегендерге көңілі суынып, солардың жөнсіз, сотқар қылықтары үшін
топтана қоныстанған тобықтылардан кешірім сұрайды. «Осыншама
жауыздықты істеп отырған менімен бір әке, бір шешеден туған – бірі аға, бірі
іні болмыс. Сендерге солар үшін мен де қылмыстымын…
337