БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 333
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
қастерлеп, керемет ойнаған екен. «Домбыра» деп аталатын туындысына көз
жүгіртсеңіз болғаны халқымыздың қос шекті қасиетісіне деген махаббатқа
куә боласыз. Маңдайға біткен дүниесіне балап, шаң баспаған төрінен орын
сайлап, қонақ келсе мейманына ойнап, шалдыққанда шаршауып басып,
сарғайғанда сағынышын басып, ер көңілін сайрандатар көктеміне балайды.
Өзінің ұстазы болған халықтың айтулы тұлғасы – Ахмет Жұбанов өнердегі
шәкіртіне домбыра тарту еткенде «Асыл ағам, жан ұстазым сыйлаған,
Домбырамды сыйламаймын ешкімге», - деп алтын қазынасына балап жырға
қосты. Дүниенің бәрін алса да айырбастамайтын сыйлыққа теңеген
сөздерінен қазақтың қара домбырасына деген шексіз құрмет есіп тұрады [5].
Сағи Жиенбаевтың табиғат туралы жырлары - саяси-әлеуметтік
тақырыбына жазылған шығармаларының қатарын толықтырады. Дегенмен
қаламгердің Махамбет
ақын жүрген жерлерде болғандағы «Алғашқы
толғаныс», «Бейіт басында» деген жырларына тоқталып, ондағы негізгі
желісін жеткізудегі табиғат көріністерін пайдаланған, осылайша екі
тақырыпты байланыстырған шеберлікті көрсеткім келеді. Өйткені батыр да
ақын баба дәурен кешкен қасиетті топыраққа қадам басқан жан сол өлкенің
әр құбылысына, тау-тасы мен аспанына, жазық даласының әр құбылысына
сергек қарап, үлкен әсерлі туындылар дүниеге әкеледі. «Алғашқы
толғаныста» мүлгіген тыныштықты бозкөдедегі байғұстың боздаған даусы
ғана бұзатын жапан бетпақты күн көзі күңгірт тартқанша аралап, Махамбет
баба өмір сүрген кезеңді қиялымен шолады. Күркіреп өткен қара бұлттың
дауысына құлақ түріп, келмескен кеткен шайқастар туралы тілдеседі.
Бұлттарды арғымақ атымен жүйткіген ақынға теңеп, жарқылдаған қылыш, от
қамшылар аспанды айырған астан-кестен ұрыс алаңымен алға шыққан
батырды суреттейді. «Бейіт басында» деген жырында мәңгілік мекенінде
мызғыған ақынды толғандырған жер, шөл қандырған көл, ойландырған
қызғыш құсына тамсанып:
Сендер болсаң, неге бір тіл қатпайсың,
Енді неге ақын құсап ақпайсың.
Көп еді ғой оның көргені өмірде,
Соның бәрін неге ішіңде сақтайсың, - дей келе, қара жер бауырына басып,
жатқанды да көзінен жасырғасын, ешкімге қатысы жоқ сөзімен тек өзімен-өзі
тілдескенін жеткізді. Негізгі ойы ғазиз жан жерленген тарихы терең өлкеге
сапары болғанмен, тебіреніске тұнған туындылардың өне-бойынан табиғат
көріністері арқылы өрбіген ой тұнып тұр. Осында табиғат келбеті, тіршілік
мұраты, өлім... бәрі де бар емес пе? Қай туындысы болмасын осылайша ойлы
да терең айтылатын Сағи Жиенбаев жырлаған тақырып мейірінше кең.
«Қазақ» деген ұлы халықтың ұлттық қасиеттері мен бүгінге дейінгі бастан
өткерген қасіреттерін өзіндік өрнекпен, мөлтек сюжетке құрып, мөлдіретіп
жеткізе білді. Ақын қаламынан дала суреттері көктегі күн, ай, жұлдыз,
жердегі гүл-шалғын, өзен-көл, қыр-қырат, ауадағы самал жел, тұман сиқырлы
құбылыстарға айналып шыға келеді. Мысалға қарапайым бұлттардың өзіне
ақынның қыл-қаламынан кейін өзгеше көз тігеміз: «... Бір шөкім бұлтқа
тіреліп, Сәулелер жерге тұр саулап» немесе «Балапан бұлттар жүр жүзіп,
Балбырап тұрған ауада» әйтпесе «Бөлініп қалған үйірінен, Қарайды жуас
ақша бұлт...». Көзі қырақты жан үшін қамтылған деталь – бұлт, бірақ бірде
сәулелерін саулатқан мейірімді, бірде балбыраған ауада жүзіп жүрген
балапандай, ал кейде үйірінен адасып қалған аңқау бұлттар. Осылайша
332