БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | страница 330

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. балалық бейнесінде өрнектейді. Яғни, қаламгер шығармаларында балалық – қарапайым тіке қолданудан бөлек дүние мен тіршіліктегі адалдық деген ұғыммен баламаланып жатыр. Мүмкін ақын соғыс ызғары қарыған балалық шағына парыздар болар, біздер оның сол балғын кезеңін басқыш етіп айтқан оймауыт ойлары мен жамбоз жырларына қарыздармыз. Өйткені өзіңмен сырласып, мұңдасып тіл қататын сол жырлар оқырманын пендешіліктен тазартып періштелікке жетелейді. Сол сәттерде қаламгер сезім құбылыс- құйылыстарын ойнақыландыра, қызындыра, қыздыра жырлай келіп «... жас сәби қаз тұрғанда, Бар дүние кетті ғой сәби болып» - деп қорытады. Ақын үшін Жер бетінде әділдік болуы үшін – бәріміздің сәбилік сезіміміз өшпеуі керек, осылайша өзімізді адалдыққа баулимыз. Жас мөлшеріне қарамастан шыншыл жыр, сыршыл жыр – балғын бөбектерден бастап өлең сүйер өрендердің қай-қайсысын да бейтарап қалдырмайды, ерітеді, елітеді, тебірентеді, тербейді. «Кәмилаға» арналған өлеңін оқысақ: Алғаш рет ... Қаз тұрады бүгін бөбек, Басталады балапан ғұмыр бөлек. Бел байлады балапан ұлы жолға, Нартәуекел! Ал, кәні! Жүру керек! – болып басталатын жыр жолдарының алғашқы шумақтарынан-ақ нақты, затты сурет, өлеңге жан берер қимыл-қозғалыс, динамика, өлеңді өнер туындысына айналдырар ақындық ойын байқаймыз. Қаламгер бүлдіршіннің қаз-қаз тұруын әр адам үшін бөлекше қалыптасар ғұмыр философиясымен сабақтастыра толғанады. Өмір болған соң адам баласы іңгәләп дүние есігін ашып, қарттыққа жеткенше түрлі кезеңнен өтеді. Әр сатысында лайықты қадамын жасайды. Осы заңдылыққа сәйкес Сағи ағамыздың да балапандары бой түзеп, сары үрпектері қанат қағып, ұясынан ұшады. Әрқайсысы тұлға болып қалыптасып, өз өмір-өзенінің ағысына түседі. Оның бәрін ғазиз ақын жүрегіне жақын қабылдап, жырларына арқау етті. Тұңғышы – Қарлығаш атты қызы тұрмысқа шығады деп естіген сәтте тебіреніп: «Менің ыстық құшағымда еркелеп, Мәңгі бақи жүретіндей көруші ем. «Қарлығашың ұшқалы жүр» дегенде, Бір найзағай ағып өтті денемде...»,-дей келе алғашқы қарашығының сапарына сәттілік тілейді. Балаларына деген батасындай болған шумақтар қаламгер шығармаларында көп-ақ. 1976 жылы Алматы қаласындағы «Жалын» баспасында шыққан «Ақ самал» атты өлең кітабы балаларға арналған. Туған еліміздің табиғатын, бал бөбектердің қызықты қылықтарын ақын әдемі жырлайды. Қиялға қанат бітірген қызғылықты ертегі-хикаяларды да осы кітаптан оқимыз. Принципшіл сыншы, көрнекті ғалым, профессор Құлбек Ергөбек: «Сағи ағам – балалар ақыны емес. Бірақ балалық шақтың әсерін бойында сақтап қалған ақын. Қалам иесі үшін бұл үлкен бақыт. Балалық шақ – Болашақ аталатын үлкен университеттің алтын бастауы»,- деген еді [4]. Шынымен жырларын оқыған сайын балаларына бағыштаған жырларының өне-бойынан нәрестедей бейкүнәлік пен періштедей тазалықты көреміз. Жыр – адамның жан-дүниесін тазалайды, маужырап бара жатқан рухыңды сілкілеп оятады. Өмірге, өнерге құлшындырады. Сағи ақынның туындылары бейне бір мөлдір бастаудай. Шөліркеп келіп бас қойсаң сусыныңды басады, мұңға батсаң өзіңмен сырласып шеріңді тарқатады. Бейне бір сырыңды сыртқа 329