БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 329

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. жырдағы жағымды ырғақ өзгереді. Пәк «көңілін су сепкендей басып», үлкендердің де үмітін үзіп хаттар қайта оралды. Соншама ыстық сағыныштың қалай суыққа шалатынын, соншама ынтызар жүректің қайтіп өкситінін сол өлең жолдарынан анық аңғарасыз. Бұл – алғашқы гәп. Екіншіден, осы өлеңнің тасасында сол жеткіншектің тұрақты мекені, бар- жоғы да белгісіз әкесіне хат та жаза алмайтын пұшайман қәлі жасырын жатқандай. Белгілі ақын Е.Ашықбаев: «Ақынның «Ерте көрдім, ерте көрдім барлығын…», «Жолда», «Асықтық сауық, тойларға…», «Сенбеймін» деген тәрізді төл өмірбаяндық деректер негізінде жазылған ғажайып өлеңдерін басқа буынның, яғни кейінгі лектің өкілдері жазып шығуы, тіпті жазып шыққан күнде де тап сондай естен кетпестей толыққанды көркем дәрежеге жеткізу мүмкін емес», деген еді [3]. Өйткені оның мұңға толы өмірі мен шерге толы көңілімен ұштасқан таланты осындай қайталанбас құндылықтарды дүниеге әкелді. Осы орайда ақынның әжесіне арнаған еңбектеріне де тоқталмай кету мүмкін емес. Шешеге бір сәт ұнамай, Түнере қалса бұлт келіп, Әженің бауыры – ұядай, Кетуші екен соған зып беріп, - деп жырлаған ақын жүрегіндегі аяулы жанға деген шексіз ыстық ықыласы әр тармағынан сезіліп тұр. Әрине әр құбылысты бейнелей отырып сол бір қайта оралмас балалықтың бал кезіннен сыр шертеді. Қарияның да немерелеріне қалтқысыз қамқорлығы көз алдына келеді. Жабағы жұлып, жүн түтіп, текемет басқан, тері илеп, көрпеше құрап, ұршық иірген қазақтың әйелдерінің қарапайым тірлігінен де көрініс береді. Небір өнер иелерінің шабытына қанат бітіретін кезең – перзент сүйіп, ата- ана бақытына бөлену болса керек. Бала – адам баласының ұрпағы. Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны, жазбағаны жоқ деуге болады. Олардан қалған асыл сөздер қаншама! Сыршыл қаламгер Сағи Жиенбаевтың сол сезімнің әсерімен сыйға тартқан туындыларын оқу өз алдына бөлек ләззатқа баурайды. Жұбайы Өзипамен өмірге әкелген төрт перзенті деген әкелік махаббат аталмыш тақырыптағы жырларына шабыт сыйлады. Сен үшін, жаным, жинаман не бір асыл да, Қолға түспейтін теңіздің лағыл тасын да. Жетеді маған – өзіңді ғана күзетіп, Өзіңнің ғана қарайып жүрсем қасыңда, - деген жыр жолдар арқылы ақынның қаншалықты балажан екендігі айқын сезіледі. Перзенттеріне арнап дүние жинап, әшекей бұйым сыйламаймын, дос та таңдамаймын деп жырлаған қаламгер тек олардың амандықтарына ғана тілекші. Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата- ана жоқ шығар. Олардың сол ыстық сезімі Сағи ақынның сұлу жырларында төгіліп тұрады. «Тимеші, көкем, балапаныма тимеші», деп басталатын туындысы жан жарына бағыштала отырып жазылған. Оған қарата балаларға «қабағын түймеуін, қолынан қақпауын, жолына тұрмауын», - өтініп, бір ашуын қиюды шыр-пыр етіп жырлайды. Осы жолдардан-ақ әкелік мейірімімен қатар иіні жұмсақ жібектей мінезі де өріліп жатыр. Ол жырлары ішіндегі бейкүнә балалық – ақын шығармашылығының алтын өзегі іспеттес. Ол адалдық, азаматтық, кісілік,тазалық ұғымдарының қай-қайсысын да 328