БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 328
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Мен де көрдім соққыны,
Бала кездің өтті алаңдап көп күні.
Біздің үйде тұрады ылғи білініп,
Бір адамның жоқтығы.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік туы салтанат құрғаннан кейін ғана
Елбасының жарлығымен 1993 жылы 14 сәуірде әкесі толықтай ақталды.
Өкінішке орай Сағи ақын «ақ түйенің қарны жарылған» күнге жетпей
дүниеден өтті.
Осылайша әкеден солақай саясаттың, қуғын-сүргіннің
салдарынан үш жасында жетім қалған жүрегі жаралы жан анасы-Жібектің
тәрбиесінде өскен. Жартылай жетім отбасында апасы-Жұмажан, ағасы-
Атажан,қарындасы-Ажар төртеуі өмірдің ауыртпашылығын бірге сезінді.
Алды сегізде, арты бір жастағы балаларымен жесір қалған келіншек тағдыр
мен тіршіліктің бар тауқыметін басынан кешіреді. Шиттей перзенттерін аяққа
тұрғызам деген сауыншы анасына соғыс жылдары тіптен қиын соқты.
Сұрапыл жылдардың тауқыметі тағы қосылса да, тағдыры мен тіршіліктің
қанша ауыртпалығын көтерсе де асыл жан ұл-қызына бірде-бір көз жасын
көрсетпей, іштен тынды. Қайғының қанын жұтса да оларды тәлім мен
тәрбиеден тарықтырмады. Бәрін аяғына тұрғызып, қатарға қосты. Өмірінің
соңғы жылдары Сағидың анасы Қарақалпақстанға үлкен ұлы-Атажанның
қолында кетеді және сол жақта қайтыс болады. Қаламгердің «Біз екеуміз»
деген өлеңін осы ағасына арнаған. Бірде көзі тірісінде анасы оған
«Қарашығым, қарай жүр», - деп суретін жібереді. Оның әжім басқан жансыз
бейнесіне қарап, өткен жылдардың өкініші мен алыстағы аяулы жанға деген
сағынышы жыр боп төгіледі. Күйбең тірлікпен байқамай жүріп бір жүздеспей
көз жазып қалам ба деген анасына арналған алаңдаушылығын жырмен
жеткізеді. Ес жиғалы шешесінің тағдырына куә болып, күйзеліспен күн
кешкен ақын анасына деген шексіз махаббатын басқа да жырларына арқау
етті. Олардың қай-қайсысын оқысаң да өне-бойында жанұясының, шешесінің
мойнына түскен зіл-батпанның салмағы бар. «Менің анам» атты өлеңінде сол
ауытпалықтарға жығылмаған, қабағымен сырт көзге сыр бермеген,
балаларына қиналғаны байқатпаған қайсар жанды айқын суреттеген.
Ол жас еді, секілді еді тал-шыбық,
Көктемеді кетті соғып, қар суық...
Сол кездегі ол көтерген зіл-батпан
Тауға түссе, қалар еді жаншылып, - дей келе, анасының оларға көрсетпей
төккен көз жасы көлге тамса бір-ақ күнде ол да сорға айналатынын жырлады.
Сезімтал ақын жүрегі анасы қанша жасырса да қайғысымен бірге қарс
айрылатын. «Келіп қалар...» атты туындысында анасы бүлдіршіндерін
құсалықпен өтпеуіне алаңдап, кішкентайларынан алысқа кеткен «әкелері
келіп қалар» деп алдарқататынын жазады. Кейіннен балалары ер жетіп,
қартыққа мойын сұнған анасының өзі де «әкелері келіп қалар» деп өз
ертегісіне өзі сеніп алғанын, өмірінің соғына дейін үмітін үзбей балаларынан
әкесінің хабарын сұрап отыратынын тебірене толғайды. Сағи Жиенбаевтың
әке-шешесіне бағыштаған туындыларының қатарында «Хат» деп аталатын
өлеңіне де тоқтала кеткен жөн секілді. Өйткені ол соғыс жылдарын
суреттеген шығарма болса да, астарында тағы да терең мағына жатыр. Онда
әріп танып хат жазу арманына қол жеткізген балақайдың өз жазбалары мен
ауыл қарттарының қажетіне жарап, ұлдарына деген сағынышын қағаз бетіне
түсіріп майданға жолдаған қуаныш пен мақтаныш сезімін көресіз. Бірақ
327