БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 326

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Amangazіyeva M.К. THE HEAVENLY BODY NAMES COGNITIVE FEATURE IN TURIK PEOPLE LANGUAGES Annotation. The article considers the cosmonim names analysis of Turik nations and their meanings on the basis of historical dictionaries. Moreover, the world views of people of that period are described through defining the linguistic and cognitive features, ethnolinguistic and cognitive meaning of Heavenly body names. Furthermore, the semantic characters of Moon, Sun, Star cosmonims are defined, also their semantic analysis is given. Key words: cosmonim, linguoculture, cognitology, lexicography, mythology, linguistic world view. ______________________________________________________ ӘОЖ 82-14 Садықова А.Т. – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қобданова Р.С. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты E-mail: [email protected] С.ЖИЕНБАЕВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ЛИРИКА Аңдатпа. Аталмыш мақаламда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, лирик ақын - Сағи Жиенбаевтың саяси-әлеуметтік лирикалық бағыттағы жазылған туындыларына талдау жасалды. Сезім сыршысы атанған ақынның лирикаға толы бір топ шығармаларын соғыс пен бейбітшілік, туған жер, еңбек, өнер, өмір, ата-ана, бала-перзент тақырыптары бойынша жүйелеп, азаматтық әуені басымдығын айқындадық. Өлеңдерінде көтерілген мәселелерді кең құлашты толықтыру арқасында дүниеге келген бірнеше балладалар, ертегі-жыр негізінде жазылған поэмалар, Ұлы Отан соғысы, ерлік пен еңбек, отансүйгіштік насихатталған дастандары да қамтылды. Оқырмандарын игі мақсаттарға насихаттаған дүниелерінің идеялық-тақырыптық негізі, көтерген мәселелері, сол өмір шындығын жыр жолдарына айналдыру мәнері мен машығы, тәсілі мен әдісі арқылы танылатын шеберлігін көрсеттік. Қашанда өзекті мәселелер төңірегінде өрбіген шығармалардың басқа авторлардың еңбектеріне тоқталып, қаламгердің өзіндік ерекшелігін ашу мақсат етілді. Адам баласының өмірімен өзектес өлеңдердің ешқашан құндылығын жоймайтындығына тағы да көз жеткіздік. Тірек сөздер: ұлттық поэзия, ақындық өнер, өмірлік кредо, лирикалық жырлар, өмір, туған жер толғаныстары. Дара дарынды дәуірі дүниеге әкеледі. Уақыт құдіретінің әдебиетке де билігі келеді. Әдебиетте әрбір кезең де күрделі. Қашанда тарих сүзгісінен өткен, табиғаты әр алуан иелері құрайды. С.Асанов: «Әдебиет те өзгермелі дүние. Бір толқын келеді, бір толқын келеді. Толқынға толқын еркелей ме 325