БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 322

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. деген ұғымды білдіре алады. Алғашында күннің тууы жағымды мәнде жұмсала келіп, кейін антонимдік сипатқа ие болуы да ықтимал. Қазіргі кезде қолданылатын – күн шықты, күн ұясынан көтерілді деген тіркестерде жоғарыдағыдай бейнелілік жоқ. Қазақ тілінде күннің көкжиектегі әртүрлі көрінісіне сай: күн арқан «оқ, қазық, тұсау, құрық» бойы көтерілді сияқты тіркестер айтылады. Қытайдың жазба ескерткіштерінде хунну деген елдің тұрғындары аспан денелеріне ай мен күнге табынатыны туралы деректерді кездестіруге болады. Скиф-сақ тайпаларының адамдары өздерін Күннің ұрпағымыз деп есептегені туралы жазылған ғылыми еңбектер мол-ақ. Бұл жайында Геродоттан бастап, кешегі академик Ә. Марғұланға дейінгі аралықтағы ғалымдар терең зерттеп, мол жазған. Ғалымдардың зерттеулерінде күн, гун атауларының жақындығы туралы да сенімді жазылады. Күннің көзі деген тіркестен ежелгі адамдардың ғарышты алып адамға ұқсатқан түсініктің қалдығын аңғаруға болады. Жылан Алдар көсемен айтысып, өзінің жас үлкендігін дәлелдеу үшін: «Мен туғанда күннің көзі аттың құлағындай, ал жердің жүзі тоқымдай еді» деген уәж айтады [6, 418-419 б.]. Түркі халықтарының фольклорында күн «сұлу қыз», ал ай «жігіт» бейнесінде суреттелген. Мысалы, «Бозжігіт» хиқаясында Айдай ұлды тудырып, күндей қызды тудырып… деген жолдар бар. Ежелгі скандинавиялық аңызда Сол – Күн деген кейіпкердің Мани атты қарындасы Ай болады. Орыс халқының ауыз әдебиетінде де адамдарды аспан денелерімен теңеу кездеседі жігітті Аймен, қызды Күнмен. Көптеген халықтардың наным- сенімінде күнмен таласып ұйықтау жаман ырымға баланады. Құс жолы ежелден қыпшақ тілінде «құс йолы», башқұрт тілінде «қош йули», мордва тілінде «тырна жолы» деп айтылса, кейінен «сабан жолы», «сабаншының жолы» деп де айтылады. Қырғыз тілінде Құс жолын «сабаншы йолы», өзбек тілінде «омон йоли» түрік тілінде «саман ұрысы», «саман йоли», парсыша кеһкешан «саман тасушы», һакілар йолы «хажылар жолы» деп атаған. Ежелгі аңыз бойынша ұрылар сабанды ұрлағанда, ол жол бойы шашылып қалады. Татар, башқұрт, чуваш тілдерінен аударғанда бұл космоним «жабайы қаздардың жолы» деп аударылады. Орыстың кейбір говорларында, түркілердің ықпалымен бұл космоним «гусинная дорога» делінеді. Арабтарда құс жолын «умму нәджиум», яғни «жұлдыздардың анасы» деп атаса, түркімендер «ақ маяның жолы» немесе «ақ маяның сүті» деп атаған. Бұл атауды грек тіліндегі галаксиос «сүтті шеңбер» немесе ағылшын тіліндегі mіlky way «сүт жолы» дегендермен салыстыруға болады. Буряттардың аңызы бойынша құс жолы құдайлардың анасы Манзан Гүрмен-төөдэйдің төсінен шыққан сүттен пайда болған. Армян халқының фольклорында да сарындас әңгімелер айтылады. Аңыздарға қарап, космонимнің сүтке қатысты атаулары құс жолы деген атаудан көп ерте пайда болған деген тұжырым жасауға болады. Еуразия материгінде құс жолы «өзен, ағын су» деген мағына беретін атаулармен аталады: үнді тілінде «аспан Гангасы», араб тілінде «аспан Нілі», чукот тілінде «құм өзені», қытай тілінде «жұлдызды өзен», жапон тілінде «аспан өзені», корей тілінде «күміс өзен», австралия тілінде «шексіз өзен», африка тайпалары тілінде «ошақтың түтіні», сібір халықтарының тілінде «шаңғының ізі», моңғол тілдес халықтарында «аспан жырығы», Кавказ, Түркіменстан, Жетісу жерінде «жануарлардың атауымен», Азия мен шығыс 321