БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 323
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Африкада «жыланның атауымен» аталады. Үндіеуропа тілдерінде бұл
жұлдызды жолдың атауында көбінесе «жол» деген компонент кездеседі.
Жеті қарақшы, жеті ұры, жеті қарт. Монғол тілінде doloon ovgon;
doolon burhan «жеті қарт, жеті құдай»; үнді тілінде «аспанның жеті данасы»
деген атаулар бар. Парсы тілінде Жеті қарақшының екі атауы кездеседі:
haftbaradaran «жеті ағайынды» және haftourang «жеті тағ немесе жеті тәж».
Қырғыз тілінде «жеті арқар», чуваш тілінде січче жұлдыр «жеті жұлдыз»,
қабарды тілінде «жеті ағайынды жұлдыз». Алтай тілінде жеті қарақшы
«жеті ағайынды» және жетіген «жеті жұлдыз» деп аталса, башқұрт тілінде
«йетегән». Жетіген сөзі «йеті аға-іні > йеті ағайни > йеті ағайын > йеттіген >
жетіген» түрінде пайда болуы мүмкін.
Қарашай-балқар тіліндегі Djetegeylі djetі djulduz атауы қазақтың «қарақшы
жеті жұлдыз» атауына пара-пар. Мұндағы djetegeylі зат есімі djete түбіріне -
qay, -key, -gay, -gey, -qan, -ken, -gan, -gen суффикстері қосылу арқылы
жасалған деген пікір бар.
Халық ұғымында жеті қарақшы «күндіз қарақшылық жасап, түнде
күнәсін шайған жеті қарақшының жұлдызға айналып кеткен жандары».
Жеті қарақшы туралы қазақ халқы арасында тараған сенім-нанымдар
туралы А.Н. Афанасьевтің [7, 23 б.] еңбегінен кездестіруге болады. Оның
айтуынша жеті қарақшы жеті жұлдыз екі жүйрік атты күзетіп жүреді. Егер
осы екі атты қасқыр жеп кетсе ақыр заман орнайды-мыс. Qaraqshі сөзі
«қарауыл, күзетші» деген мағына береді (qaraq ~ qaraw ~ qara).
Басқа бір нұсқада жеті қарақшы күзетші емес, олар екі атты ұрламақ
болып, қуып жүр. Егер олар аттарды ұстаса ақыр заман болады-мыс.
Хакастар жеті жұлдызды «жеті ит» деп біледі. Мүмкін қасқыр мен иттің
бейнелері жеті қарақшының атауында сақталған, өйткені қазақ тілінде
jetіgen, көне түркіше yedіgan, төленгітше djіytіgan, ұйғұрша іytіgan, яғни
жетіген «жеті ит – жеті қасқыр» дегенді білдіреді (yetі > jetі > jіde «жеті» +
qan «ит»).
Зерттеуші Р.Авакова өзінің «Фразеологиялық семантика» деп аталатын
кітабында мынадай ой айтады: «Ертедегі мифопоэтикалық дәстүрлерде сан
ұғымдарына киелі мән беріп, өн бойына космонимикалық мағыналар
жүктеген. Адамзат қоғамында сандар діни, тәңірілік және әлемдік символдар
ретінде қарастырылып, олардың бойында адам санасы жете қоймайтын құдіретті
құпиялар мен сырлар жатқанына, сонымен қатар бұл құдіретті күштердің адамға
жақсылық та, жамандық та алып келетініне сенген» [8, 72 б.].
Жетіқарақшы сөзіндегі жеті сөзінің қасиетті сан екенін де ескеру
орынды болмақ. Жетіқарақшы жұлдызы туралы заманының заңғар ғалымы
Ш.Уәлиханов бұл ерте заманнан келе жатқан аңыз болуға тиіс, өйткені
монғолдар жеті қарияның жұлдызы деп атап, жетіқарақшы жұлдызын жеті
сақтаушы, күзетуші ретінде қастерлеп, дәріптегені туралы жазады.
Жетіқарақшы жұлдызы туралы аңыздарды өмір шындығымен
байланыстыруға тырысқан астрономия ғылымының маманы Мекебаев «Бұл
шоқ жұлдыз солтүстік жартышарда орналасқан, түрі ожауға ұқсаған жеті
жарық жұлдыз тобы. Ол батпайды. Осыған қарап аңызда оны күндіз ұйықтап,
түнде күзететін ұрыға ұқсатады» деп жазады.
Ата-бабамыз бұл жұлдызды құбылнама ретінде пайдаланған және
жұлдызға қарап өздерінің көшетін уақытын айқындаған. Далалықтардың
танымында ерекше орын алған аспан денелерінің бір. Осыған орай қазақ
322