БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 321

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Астрономиялық бақылаудың негізінде жинақталған білімді шаруашылық қажеттілігіне жұмсау көптеген әлем халықтарының тәжірибесінен кездестіре аламыз. Мысалы, Африка континентінде тұратын халықтар жылдың басын жұлдыздардың қозғалысынан біліп отырған. Орион жұлдыз шоғының маңында бес жұлдыздың пайда болуына орай олар жаңа егістік аландарын дайындауға кірісетін көрінеді. Осы кезеңнің басталар алдында (қараша- сәуірде) аспанда Үркер жұлдызы көріне бастайды. Ай – күнтізбелік көрсеткіш ретінде қолданылған. Жер бетіндегі көптеген халықтардың сенім-нанымдары бойынша жаңа туған Ай жақсылық нышаны ретінде қабылданған. Жаңа Айдың тууы тіршілікке әсер ететін, амандық пен саулыққа жол ашатын кезең ретінде танылған. Ал Айдың соңғы ширекке қарай аяқ алысы жағымсыз сипатта бейнеленген. Бұл кезеңді ескеріп, қазақтар жаңа іске кіріспей, аңға да жорыққа да шықпаған көрінеді. «Хань- шу» деп аталатын қытайдың жазба ескерткішінде, түркілер туралы: «Олар жорыққа Ай толған кезде аттанады, Ай кеміген шақта – кейін шегінеді» делінген [4, 97 б.]. Жаңа Ай туғанда қазақтар: Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке деген тілек айтқан. Ежелгі наным бойынша ескі Айда кәрі мыстан отырады. Ол айға көп қараған адамның кірпіктерін санап қойса, сол адамды сиқырлап, жадылап өлтіруі мүмкін деген. Түрік аңыздарында Ай еркек жынысты объект болып сипатталады. Түріктердің аңызында Ай бетіндегі дақтардың пайда болуы былай түсіндіріледі: Айдың анасы баласына көз тимесін деп оның бетіне кір жағып қойған. Бірақ түркілік халық ауыз әдебиетінде Ай әйел жыңысты болып суреттеледі, мысалы, өзбектің «Күнтұғмыш» атты жырында Кутугмыштың қарындасын Оппоқ Ай «Аппақ Ай» деп атаған. Сондай-ақ өзбектің «Ой-сулу» атты дастанының басты кейіпкерлері Айсұлу ханша мен оның ұлы Күн батыр туралы айтылады. Толған Ай – шығыс адамы үшін сұлулықтың символы. Шығыс фольклоры мен поэзиясында ай сөзі көптік мәнде жұмсалып, сұлулықты жеткізу үшін қолданған. «Мың бір түндегі» Будур ханшайым Будур – арабша «толған ай»), Харан ханзада Харан – парсыша «толған ай» деген есімдерді кездестіруге болады. Күндіз, тәулік, күн райы (ауа райы) тәрізді сөздердің негіз-түбірі – Күн. қазақ тілінде күн көру деген тұрақты синтагма «өмір сүру» мағынасында, ал жарық күн деген метафоралық қолданыс «игілік, қуаныш» мағынасында қолданылып жүр. Күн туды тіркесінде «күннің аспанда жаралатыны туралы» ежелгі түсінікті байқай аламыз. Белгілі түрколог В.А. Гордлевский мынадай дерек келтіреді: «Некогда солнце было красавицей девушкой, на которую все засматривались. Солнцу наскучило в конце концов видеть вокруг себя надоедливых ухаживателей, и оно, рассердившись, стало слепить глаза» [5, 69 б.]. Тілімізде қолданылатын оның басына күн туды, басына күн туғанда деген тіркестердегі күн туды деген сөздің мағынасы ауыспалы мәнде жұмсалып, фраземаға 1 айналғанын аңғару қиын емес. Бұл тіркестің арғы мәнін ашу оңай емес, әрі ол біздің зерттеуіміздің міндеті де емес. Дей тұрғанмен, күн туды деген сөздің алғашқы мағынасы арқылы уәжделіп тұрғанын байқауға болады. Яғни жаңа өзгеріс, жаңалық (жақсы-жаман) бар 320