БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 320
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
аударылмай жеткен де, халықтың, тайпаның, тіпті, жеке адамның аттары да
кейінгілерге түсініксіз болып жеткен.
Айталық, ғарыштық көне мифологиялық үлгіде ағаш әлемдік білік, үш
әлемді: жоғарғы, ортаңғы, төменгі орталарды біріктіретін негізгі тіректік
діңгектің рөлінде көрінеді. Қазақ мифтерінде әлемдік өзек түрінде
Темірқазық жұлдызы да қолданылады. Темірқазық космониміндегі «қазық»
термині өзек, білік, орталық дегенді білдіреді, оған Ақбозат пен Көкбозат
байланған. Бұлардың жанында Жеті қарақшы аңдып, айналшықтап жүр.
Әлемдік
орталық
Темірқазықтың
беріктігіне,
мықтылығына
тапжылмастығына жаратылыстың тұрақтылығы байланысты болады.
Егер әлемдік жүйе бұзылып, жаратылыс біліктен тайып кетсе, онда ақыр
заман болады деп есептелген. Г. Потанин өзінің зерттеулерінде
эсхатологиялық сипаттағы бірқатар қазақ аңыздарын мысалға келтіреді.
Солардың бірінде Жеті қасқыр – Жеті қарақшының Жеті жұлдызы
жорғаларды қуып жетсе, ақыр заман болады, екіншісінде – жеті ұры
Темірқазыққа байланған екі атты ұрлап кеткен кезде ақыр заман болады;
үшіншісінде – Кіші Аю шоқ жұлдызындағы екі жұлдыз – бұл аспандағы екі
жорға, Жеті қарақшының жеті жұлдызы олардың қарауылдары деп
баяндайды. Қасқыр бейнесіндегі сайтан жорғаларды аңдып жүреді – оларды
жеп жатқан кезде қарауылшылар жан-жаққа қашып, ақыр заман болады-мыс.
Байқағанымыздай, Темірқазық космониміндегі қазық компонентінде
негізгі мағыналық жүктеме бар, бұл терминмен барлық космонимнің
семантикасы таңбалық символика ие және ертедегілердің эсхатологиялық,
космогониялық түсініктерімен байланысты. Осы космонимнің семантикалық
және семиотикалық потенциалы Алтын қазық, Жалғыз қазық сияқты барлық
диалектілік нұсқаларда сақталған.
Сонымен бірге, бұл мифокосмонимдерде және оларға қатысты
космологиялық мифтерде қазақтардың ежелгі дәстүрлі шаруашылығы –
көшпелі мал шаруашылығымен түсіндірілген басқа да семантикалық негіз
бар. Қазақтың барлық мифтері аңыз-әңгімелерінің сюжеттік көріністері қазақ
этносының көшпелі мал шаруашылығымен байланысты. Мұны көптеген
жұлдыздардың аттарынан көруге болады. Мысалы, Ақбозат, Көкбозат,
Қойшының қоңыр жұлдызы, Қарақшы, Күзетші, Арқан жұлдызы, Шідер
жұлдызы т.б. Осы жұлдыздардың этнолингвистикалық табиғаты туралы
К.Г. Аронов өз зерттеуінде жазған [3, 20 б.]
Ежелден бері аспандағы Күн мен Ай, басқа да жұлдыздар адам баласына
кеңістік пен уақытта өмір сүруіне көмегін тигізіп келеді. Ежелгі қауым
адамдары күннің жарық мезгілінде Күнге қарап дүниенің географиялық төрт
бағытын анықтаған, сонымен қатар уақыттың да өткенін біліп отырған.
Күннің шығуы мен батуына қарап күндерді санаған. Ал қараңғы мезгілде
жолдан адаспау үшін аспандағы жарық жұлдыздардың ішіндегі орнынан
тапжылмай жарқырап тұратын Темірқазыққа қарап терістік бағытты анықтап
отырған. Сондай-ақ, адаспау үшін Үркердің (Плеяды) күн шығыстан
шығатынын, оңтүстікпен жүретінін, күнбатыстан бататынын да жақсы
пайдаланған. Ал Үркер, Жеті қарақшы, Орион, Лира, Сириус т.б.
жұлдыздардың көрінісіне қарап «ай календарін», «түнгі мезгіл шақтарын»,
«ауа райы құбылыстарын», «табиғат мауысымдары мен шаруашылыққа
жайлы кезеңдері» де дәлме-дәл анықтап отырған.
319