БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 319
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
сақталғандығы. Ресей Ғылым академиясы кітапханасының қолжазба қоры
мен Ресейдің жүйелі ғылыми кітапханаларынан бірнеше зерттеулер мен
қолжазба сөздіктерді кездестіруге болады. Осы дәуірлерде жазылған шағын
тілдескіштер мен сөздікшелер, құнды зерттеу материалдар қазіргі кезде Ресей
Ғылым академиясының Петербург бөліміндегі Аделунг архивінде сақталулы.
Олар түркі тілдерінің тарихы үшін маңызы зор материалдар. Мәселен,
Аделунг архивіндегі 1774 жылы жасалған 1600 сөзден тұратын орысша-
қазақша қолжазба сөздікте қазақ тілінің бұдан 200 жыл бұрынғы жағдайынан
мәлімет беретіндігін айтуымызға болады.
Осындай еңбектердің қазақ тіліне қатыстылары қазақша-орысша, орысша-
қазақша, екі тілді аударма сөздіктер болды. Ал сөздік жасаушы зерттеушілер
әр түрлі мамандық иелері – ғалымдар, әскери адамдар, ағартушылар,
миссионерлер, практикант-студенттер, аудармашылар т.б. еді. Бұл
сөздіктердің ішінде ең сапалы, ең құндылары және басым көпшілігі ғалымдар
мен маман-практиктердің тарапынан жасалғандар [1, 4 б.].
Тілдік бірліктерді бір тілден екінші тілге жеткізудің әр түрлі аспектілері
бар. Мысалы, белгілі бір сөз құрылымы басқа тілде қолданылғанда негізінен
ол аударылып беріледі. Бірақ сөздің лексикалық мағынаға біршама
тұрақтылығы тұрғысынан әр алуан ауытқуларға да ұшырайтын
болғандықтан, ондай лексикалық бірліктер тек бір сөзбен ғана аударылып
қана қоймайды, кейде олар бірнеше сөзбен суреттеме түрінде беріледі. Ал
жалпы түркілік сөздердің тұтас бір лексикалық қабаттары басқа тілдерге
(орыс, украин, т.б.) сіңісіп, әр алуан диалектизмдер деңгейінде аударылмай
да қолданыла береді. Бірақ ондай атауыш сөздер құрылымы бөлек тілдік
ортада өзінің түпнұсқа қалпын сақтай бермейді, бөгде тілдің фонациялық
ерекшелігіне сәйкес дыбысталады. Осындай алуан текті лексикалық-
семантикалық ауытқуларды ескергенде және бұл тәрізді атауларлардың
бөгде тілге қай замандардан бастап сіңісіп келе жатқандығын зерделегенде
тілдердің дамуының, әр түрлі тіл құрылымдары арасындағы сипатын айқын
аңғаруға болады.
Ұлан-байтақ жерді мекендеп келе жатқан түркі халықтарының тілі,
әдебиеті, тарихын ғылыми тұрғыда зерттеу тым әріден басталмаса да белгілі
тарихы бар. Бұның өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, түркі
халықтары ру-тайпа күйінде жасаған ерте кездерде көне түркі жазу дәстүріне
ие болса да, кейінгі дәуірлерде мәдени даму дәрежесі жағынан басқа
халықтардың артта, кенжелеп қалғандығы мәлім. Сонымен бірге тарихи-
әлеуметтік себептерге байланысты жазу-сызу дәстүрінің барлық дәуірлерде,
түркі тайпалары жасаған барлық аймақтарда бірдей дамымауы – түркі
халықтарының әдеби үлгілері мен тілінің жүйелі түрде хатқа түсіріліп,
ғылыми түрде толық анықталмай келуінің басты себебі болды. Екіншіден,
түркі тілдес халықтар тарихи белеске шығып, өздері өмір сүрген өлкелерде,
орта ғасырларға дейінгі дәуірлерде айтарлықтай шешуші роль атқарған емес.
Осыған байланысты ұзақ уақыт бойына оның тілі мен әдебиеті, тарихы мен
әдет-ғұрпы өз ғалымдары тарапынан да, көрші халықтар өкілдері тарапынан
да арнайы зерттеліп ғылыми жүйеге түскен емес. Үшіншіден, түркі
таңбалары туралы қытай және басқа халықтардың көне ескерткіштерінде
кездесетін бірен-саран мәліметтер толық емес, тіпті бірі екіншісіне қарама-
қарсы мағынада. Сондай-ақ, басқа тілде берілген мәліметтер сол тілде
318