БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 318
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік
лингвистика, лингвистикалық мәдениеттану, лингвистикалық елтану
ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-
қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді
үлгілерін айқындауды мақсат етеді.
Қазіргі тіл
білімінде әлемнің
тілдік
бейнесі
туралы
мәселе
Ю.М. Караулов, С.Д. Кацнельсон, Н.Г. Комлев, Г.В. Колшанский,
Н.И. Кондако, Е.С. Кубрякова, В.И. Поставалова, В.Н. Телия,
Б.А. Серебренииков, Э.Д. Сулейменова, А.А. Уфимцева т.б. ғалымдар
еңбегінде қарастырылып жүр.
Тіл арқылы, тілдегі әртүрлі бірліктер арқылы, біз халықтың өмір сүру
тәжірибесі мен салт-санасынан хабардар бола аламыз. Космонимдерге
байланысты тілдегі тілдік бірліктердің байлығын тарих қойнауындағы тарихи
мағынасы арқылы іздеуге, оларды әртүрлі аударма сөздіктердегі лексика-
семантикалық құрылымын анықтауға, айқындауға арналады.
Лексикографиялық аударма сөздіктердегі тілдік бірліктерден әлемнің
тілдік бейнесін жасайтын ұлттық менталитеттің өзіндік ерекшеліктерін
айқындауға болады. Лексикографиялық деректер халқымыздың тұрмыс-
тіршілігінен, салт-дәстүрінен, тарихынан хабар беретін анықтағыш. Сонымен
қатар, оны этимологиялық, аударма, түсіндірмелі сөздік дей келе, тарихи
лексикологиялық ізденістері үшін нағыз құнды дерек көзі деп толық айта
аламыз. Сөздікте кездесетін тілдік бірліктер көркемдік-әдеби тәсілдер
арқылы халықтың дүниеге қатынасын суреттеп бермегенімен, ұлттық ойлауға
тән көптеген мағлұматтарды айқындай алады. Әсіресе лексикографиялық
деректердегі ұлттық болмысты
танытатын тілдік
қолданыстағы
космонимдерді жан-жақты зерттеп, танып-білудің, олардың мән-мағынасын
ашуға бағытталған терең зерттеулердің өзектілігі даусыз.
Тілдердің сөз байлығы өзін зерттеп танудан бұрын хатқа түседі. Сондай
тілдердің бірі – түркі тілі. Түркі тілдерінің фонетикасы мен грамматикалық
құрылысының ғылыми тұрғыдан алғаш зерттелуі ХІХ ғасырдың орта
тұсынан басталады [1, 4 б.]. Түркі тілінің зерттелу тарихын сөз еткенде орыс
ғалымдарының еңбектерін атап өтпеу мүмкін емес. Әсіресе, түркі тілдерінің
тарихында өзінің зерттеулерімен елеулі із қалдырған И.Н. Березин,
Н.И. Ильминский, В.В. Катаринский, А.Н. Кононов, П.М. Мелиоранский,
В.В. Радлов, Г.И. Рамстедт, А.М. Щербак және т.б.
Академик В.В. Бартольд ХІХ ғасырдағы орыс ғалымдарының
шығыстанудағы жетістіктерін бағалай келіп: «Обзор русских трудов по
изучению Востока показывает; что русской наукой в этом отношении
достигнуты, особенно в ХІХ веке, значительные успехи, но что эти успехи
большею частью все-таки далеко не соответствуют тем ожиданиям, на
которые, казалось бы, дают право географическое положение России, состав
ее населения и труд длинного ряда поколений со времен Петра Великого», –
деп атап көрсетеді [2, 482 б.]. Әрине, ол кезде патшалық Ресейден ғылымның
бұл саласы бойынша көп нәрсені талап етудің өзі қиын еді. Дегенмен, осы
салада орыс ғалымдарының орасан еңбек еткендігін мойындауымыз қажет.
ХІХ ғасырда Ресейде шығыстану пәні академияның құрамы мен жоғары
оқу орындарында дамыды. Жетекші қызметті академия атқарғаны белгілі.
Бұған дәлел түркі тілдерінің ХҮІІІ ғасырдан кейінгі дәуірде жіті зерттеле
бастауын дәлелдейтін көптеген қолжазбалар мен материалдардың
317