БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 317
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Kishkenbayeva Zh.K.
DISCOURSE ANALYSIS OF ARTISTIC TEXT:
AUTHOR, TEXT AND DISCOURSE
The development of literature in the context of modern globalization sets us the
task of completely rethinking it in accordance with new realities. National literary
studies should also meet these requirements. As a science, literary criticism must
react sharply to new literary trends, i.e. must keep pace with the momentum of
literary and cultural development. However, modern research should develop in
completely new directions. From this position, it is clear that the need to study the
problem of discourse in modern art prose is due to the research needs of today, the
lack of necessary results.
The article discusses the informative significance and the aesthetic nature of a
literary text, based on discursive analysis, analyzes various definitions about the
text and discourse.
Keywords: philology, literary studies, discourse, text, author, work, semantics,
structuralism.
______________________________________________________
ӘОЖ 811.512.1
Амангазиева М.К. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
Е-mail: mika-230376@mail.ru
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛІНДЕГІ АСПАН ДЕНЕЛЕРІ
АТАУЛАРЫНЫҢ КОГНИТИВТІК СИПАТЫ
Аңдатпа. Мақалада тарихи сөздіктердің негізінде түркі тектес
халықтар тіліндегі космонимдік атаулар мен олардың мағынасы туралы
талдаулар қарастырылады. Аспан денелері атауларының тілдік және
танымдық ерекшелігін айқындау, этнолингвистикалық және когнитивтік
мәнін ашу арқылы сол кездегі халықтың дүниетанымы суреттеледі.
Сонымен қатар ай, күн, жұлдыз космонимдерінің когнитивтік сипаты
айқындалып, оларға қатысты атауларға семантикалық талдаулар
жасалынды.
Тірек сөздер: космонимдер, лингвомәдениеттану, когнитология,
лексикография, мифология, әлемнің тілдік бейнесі;
Кез келген халықтың дүниесін бейнелейтін космонимдердің тілдік
табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрде жаңа бағыттағы зерттеу
жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа
бағыттарымен тығыз байланысты. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым
құпиясы басқа да ғылым салаларымен антропология, психология, философия,
логика, мифология, этнография т.б. тығыз қарым-қатыныстың нәтижесінде
танылып, ашылып отырады. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, дін сияқты
ұғымдарды толықтыратын ұлттық тілдің табиғатын, тілдің өзінің ішкі
заңдылықтары негізінде ғана зерттеу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынасын
жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой
танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс
316