БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 314
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
құндылық, бейне, пікір, менталды және виртуалды білім тасымалданады.
Сондықтан да ол лингвистиканың да, философияның да, әлеуметтанудың да,
психологияның да, өзге де пәндердің зерттеу нысаны бола алады.
Гуманитарлық және әлеуметтік-саясаттану ғылымдарында дискурс талдау
теориясын түрлі методологиялық тұрғыдан зерттеп, белгілі дәрежеде аталған
ғылым саласының қалыптасуына ат салысқан ғылымдар бар. Олар: Тойн
А.Ван Дейк, Якоб Торфинг, В.Марианна Йоргенсен, Луйза Филлипс»,– деп
көрсетеді [13, 160 б.].
Н.Д. Арутюнова: «дискурс та – сөз, өмірдің ортасынан ойып алынған сөз»,
– дейді [14, 160 б.]. Мәтін мен дискурстың тепе-тең ұғым емес екендігі
ақиқат. «Тіл мәтінде орналасып, дискурста жанданады, туындайды» деген
пікірге сүйенсек, мәтін мен дискурс қатынасы дискурстың динамикалық, ал
мәтіннің статикалық (тұрақты, қозғалыссыз) сипаттары арқылы танылады деп
түсінеміз. Мәселен, қандай да бір автордың көркем шығармасы біз қолға
алып оқығанға дейін «тыныш күйінде» тұрып, мәтін ретінде танылса,
оқырман қолына тиіп, коммуникациядағы тілдік құрылым – мәтіннің
динамикалық күйіндегі сипатын дискурс деп тануымызға болады. Бұл жерде
де тікелей болмаса да, автор мен оқырман (адресат пен адресант) арасында
«хабар алысу» жүреді.
Дискурс негізінен коммуникативтік әрекет ретінде танылғандықтан,
барлық көркем мәтіндерге де (көлемді де, шағын да) қатысты болып келеді
және барлық жағдайда да адресат пен адресант факторы арасында
лингвокогнитивтік-ментальдық құрылым болып есептеледі. Басқаша айтсақ,
дискурс – коммуникативтік қатысым процесі ретінде анықталса, мәтін – оның
жемісі ретінде ұғынылады. Дискурсқа өзек болатын нәрсе – ол, ең алдымен,
тілдік қауымға маңызды коммуникативтік жағдаяттар десе болады.
дискурстық формациялар құрамы әрдайым қандай да бір тарихи кезеңмен,
сол дискурсты өндіруші мен қолданушының әлеуметтік, мәдени
қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді немесе шарттасады.
Дискурс проблемасын алғаш зерттегендердің бірі Мишель Фуко
дискурсты авторлық ұстаныммен жан-жақты ұштастыра қарастырады. Бұл
жерде автордың ұстанымын Фуко жалқы есім ерекшелігімен, «автор»
қызметі мен оның ғылыми дискурстан көркем дискурсқа қарай ойысуын
көрсетеді [15, 74 б.]. Алайда көркем сөз қалай қабылдануы тиіс, оның мәдени
мәртебесі қандай болуы керек деген мәселелерге М. Фуко тереңдей бермеген.
Шындық өмірдегі оқиғаның тура мазмұны көркем шығармаға сол күйінде
көшіріліп қоймайды. Ол – автор санасы арқылы жаңаша бейнеленіп, басқаша
айтқанда, тілдік тұлғаның (автор) шығармашылық қиялы мен білімді
оқырманның қабылдауы бірлескен шығармашылығынан туындаған, әрі
күрделі ұйымдастырылған кешендік тұтастық [17, 187 б.].
Көркем шығарма әлемінің құндылығы – автор құрастырған тілдік бейне
арқылы өз жан-дүниесінің шындығын дискурстық жүйе арқылы
қалыптастыру. Ең жоғарғы дәрежедегі тілдік тұлға (мысалы, жазушы) жеке
санасы негізінде өзіндік танымын оқырман немесе тыңдаушы санасында
қайта жасайды.
Осылайша көркем шығарманың көркемдік әлемі (танымы) мен көркем тілі
арқылы айтушы мен оқырманды бір-бірімен байланыстырады. Яғни оқырман
автордың «таным әлемі» мен «тіл әлеміне»енеді. Соның нәтижесінде көркем
шығарманы қабылдау мен әсерлену арқылы оқырман өз санасында дербес
313