БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Página 315
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
шындық – көркемдік әлем жасайды. Түсініксіз көркем шығарма өмір
сүрмейді, оның интерпретациясы оның мәнінің құрамдас бөлігін құрайтын
таныс ассоциация, образдардың және көркемдік шындықтың жинақталуы
арқылы іске асады. Бұдан оқырманды қызықтыратын, автордың көркемдік
әлемін бейнелейтін қайталанбас ерекше «тіл әлемі» пайда болады. Соның
нәтижесінде коммуникативтік-прагматикалық сипатта автордың «көркемдік
әлемі» мен «тіл әлемі» тоғысқан дискурстық жүйе қалыптасады. Қорыта
келсек, көркем мәтінде (өзге мәтіндерде де) айтылатын ой, сезім тіл арқылы
объективтенуге дейін де белгілі бір құрылым түрінде болады, сөйтіп барып,
тілдік құрылымға (айтылымға, мәтінге) айналады, бірақ тілдік коммуникация
аяқталмайды. Өйткені мәтінді қабылдаушы (реципиент) мәтінде, айтылымда
кодқа салынған тілдік, тілдік емес ақпараттарды ашу арқылы автордың
коммуникативтік діттемін, мақсатын аңғарады. Осымен байланысты біз
көркем мәтінді автор – мәтін – оқырман қатынасында алып зерттеуімізге
болады. Бұл арада дискурс талдау теориясын басшылыққа аламыз, себебі,
көркем мәтінді зерттеуде лингвистикалық емес құбылыстар тыс қалса, ал
дискурста лингвистикалық емес құбылыстар (әлем туралы білім, өзіндік пікір
мен көзқарас, мақсат) ескеріледі.
Сонда «көркем әдебиет дискурсы дегеніміз – өмір шындығын, табиғат көркін,
жағдаятты, экстралингвистикалық жағдайды, бейвербалдық әрекеттерді, бүкіл
болмысты тілмен жеткізу – оқырманмен диалогқа түсуі, оқырманның авторды
түсінуі, баяндалушы нәрсені қатесіз қабылдау» [17, 15 б.].
Көркем шығарманың құндылығы – қаламгердің астарлы ұстанымы болып
табылады. Қаламгердің шығарма барысындағы шығармашылық ұстанымы
онда көтерілген тақырыптың айқын немес жасырын болуы оқырманның
ұстанымының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Бұл үдеріс қаламгер мен
оқырман арасында шығармашылық байланыстың жүзеге асуына себепкер
болады. Көркем мәтін мен автор арасындағы байланыс – күрделі, ажырамас
үдеріс. Бұл көркем мәтінді оқу барысында оқырманмен арада болатын көзге
көрінбейтін шығармашылық үдеріс болып табылады.
Шетел әдебиеттануындағы жаңашыл тұжырымдар теориялық тұрғыда
құнды болғанымен, оларды ұлттық әдеби дамуды сараптауға сол күйінде
пайдалану мүмкін бола бермейді. Алайда, осы бағыттағы талдауларды ұлт
әдебиетіндегі үздік үлгілер арқылы жүзеге асыра алсақ, қазақ
әдебиеттануының жетістігі болары сөзсіз.
Әдебиеттер:
1. Николаева Т.М. Краткий словарь терминов лингвистики текста /
Новое в зарубежной лингвистики. Второе издание. Лингвистика текста. –
М.: Прогресс, 2008. – 479 с.
2. Teun V.D. Ideology: A Multidisciplinary Approach. – London: Sage, 1998. –
http://www.sagepub.co.uk Дата обращения: 08.02.2018 г.
3. Макаров М.Л. Основы теории дискурса. – М., 2003. – 312 с.
4. Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы. – Алматы: Қазақ
университеті, 2015. – 186 б.
5. Степанов Ю. С. Альтернативный мир, Дискурс. Факт и принцип
Причинности // Сб. статей «Язык и наука конца XX века». – М.: РГГУ, 2013.
– 432 с.
314