БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 299
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Осындай жыланның қабығына ұқсайтын сауыттарды скифтер мен
сарматтарда киген.
Жыланның кептірілген басын, кейде сыртқы түлеп түсірген терісін жаңа
туған баланы тіл-көзден сақтасын деп бесігінің басына, болмаса жастығына
ілетін болған. Халықтық сенім бойынша жыланның қабығын бойға сақтап
жүрсе, тіл-көзден сақтайды, бойдағы қорқыныш болмайды деген түсінік
болған. Жылан белгісінде туған адам – өзгермелі, икемшіл, сезгіш, өзіне
сенімді, өз ісіне берілген болып келеді.
Жыланның тотемдік қасиетіне байланысты көріністерді тіліміздегі
тұрақты тіркестерден көруге болады. «Жылан жайлап барады» – қарны
ашты; «жылан жалағандай» – ешнәрсе жоқ; «жыланша ақырды»;
«жыланша ысқырды» – қаһарын төкті; «жыланы қайтты» – ас ішіп, жүрек
жалғады, ашқарақтығы басылды; «жылан жүрісті» – ізін білдірмейтін,
зымия әрекет иесі деген мағынада қолдаса, «айдаһардай ысқырды» –
қаһарланды, кәрін төкті деген мағынада. Мысалы: Ат, атан, шөп, астық,
соғымның еті, киіз, көрпе, жастық, қап, арқан – бәрінен де ауыл жылан
жалағандай таза. Сыпырып алып қойған ақтың адамы, алаштың әскері...
(І.Жансүгіров).
Айдаһар тотеміне қатысты: айдаһардай арбау, айдаһардай ысқыру,
айдаһардай ақыру, айдаһардай ысылдау, айдаһардай жекіну, айдаһарша
аласұру сияқты теңеулер құйындаған, бұрқасындаған, ұйытқыған жел,
боранды сипаттауда немесе аласұрып, таусылған адамды сипаттауда кеңінен
қолданылады.
Мылалы: Алтынды қамшы қолға алып, Абжыландай
толғанып («Батырлар жыры»). Айдаһардай арбадың, Арбадың да қалмадың
(Махамбет). Айдаһардай патшаның Азу тісін қаққан күн (Қ.Аманжолов).
Орныңнан тұра шабасың, Атшабар келсе қышқырып, Ояз келсе, қайтер ең,
Айдаһардай ысқырып (Абай).
Түркі халықтарында мынадай мақал-мәтелдер бар: «Жыланды өлтіргеннің
сауабы бар»; «Іштен шыққан шұбар жылан»; «Жыланға түк біткен сайын,
қалтырауық болады»; «Жылы, жылы сөйлесең жылан да інінен шығады»;
«Жыланның түсі суық, Уы ем»; «Жылан шағады, ит қабады»; «Жылан басы
ауырса, жолға жатар»; т.б. Кейбір мақал-мәтелдер түркі тілдес халықтарда
айтылуы ұқсас. Мәселен, қырғызша «Жылаандын териси кооз, тиши – уу» –
«Жыланның терісі сұлу, тісі – у»; хакас тілінде «Чылан теерізін чылнынь
даа алыстырза, Оолығ тістері позында халча» – «Жылан терісін жылында
ауыстырса да, Улы тістері өзінде қалады»; өзбекше «Илоннинг сирти
юмшок булса хам, ичи захар» – «Жыланның сырты жұмсақ болса да, іші
зәр». Осы мақал-мәтелдерден туыстас халықтардың жыланды тотем санап,
оны киелі санайтындығын байқаймыз.
«Жыланның уы басында, бейқамның жауы қасында» деген егіз ұйқасты
қара өлең түрінде айтылатын қанатты сөз бейғам болма, әрқашан да сергек,
сақ жүр дегенді мезгейді.
«Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында» (Қ.Әбдіқадыров).
Көркем шығармаларда кездесетін мақал-мәтелдер: «Жылан иреңдеп
жүреді, сүйреңдеп күледі. «Жыланның сырты жылтыр, іші у». «Жылан иір-
иір жүрсе де, Ініне түзу кіреді». «Жыланның аузы жесе, құйрығы семіред».
«Қазына бар жерде жылан бар». «Жыланның сүймес асы інінің аузынан
шығар». «Көп жүрген жылан аяғын көрсетер». «Жатқан жыланның
298