БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 297

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. бақсылар аса бір сүйіспеншілікпен мадақтайды. Мен өзім азаны көремін. Алайда, ол кез келген адамның көзіне көрінбейді. Менің алдымда ол оғаш адамның кейпінде көрінеді. Азаның сүйікті орындары – бөктер, жолдың торабы, ескі молалы жерлер, қызыл жарлар, асулар, өткел мен ескі қоналқалар» [6, 162 б.]. Демек, түркі тайпалары жыланға табынғын, «аара» мен «аза», «ажа» сөздері синоним, «аза» атты киелі күштің өмір сүргендігін суреттейді. Жылан тотем болуының басты көрсеткіші – ертегілер мен наным- сенімдердегі жыланға деген ерекше көзқарастың болуы. Жыланның жалпы тіршілігі, өзіндік ерекшелігіне орай жылан культінің символдық бейнесі төмендегідей: - Жылан – даналықтың символы; - Жылан – қамшы; - Жылан – арғықазақ мифтерінде әйел бейнесі; - Жылан –қоршаған ортаға қауіпті жәндік; - Жылан – жер асты байлығының иесі; - Жылан – үйге кірген құт; - Жылан – мүшел жылы; - Жылан – арбаушы; - Жылан – зұлым, тілі ащы, жағымсыз адам бейнесі. Жылан культтің қалыптасуының алғы шарттары: - Жыланның "аяғы жоқ", яғни оның жүруінің (қозғалуының, жылжуының) өзі – керемет. Жылан "кез келген" тұрпатты (дөңгелек, спираль, сегіздік, толқын, т. б.) жасай алады. Жыланның қозғалу процесіндегі сыртқы пішіні еркектік белгіні де, әйелдік белгіні де "кескіндей алады". - Жылан кез келген жерде (суда, жер астында, үйде, молаларда, үңгірлерде, т. б.) мекендей алады, салыстырмалы түрде алғанда мұның өзі де – керемет. - Жылан жыл сайын түлейді, "терісін ауыстырады". Бұл – сол уақыттың адамы үшін таңғаларлық, ғажайып та тылсым құбылыс болып есептелген. Терісін тастау арқылы жылан "жаңарады", былайша айтқанда, – «қайтадан тіріледі». Сондықтан адам баласы "жылан көне терісін тастау арқасында өзінің жастық шағын қалпына келтіреді, яғни ол – қайта жандану, қайта тірілу құпиясын білетін, сол құпияга ие қожайын" деп түсінген. - Жылан да, құстар мен бауырымен жорғалаушылар сияқты жұмыртқа салады, жұмыртқадан туады. Ал жұмыртқа тұрпатының мифтік дәстүрлердегі ғалам жарату (космогония), ғалам моделі кескіні мифтерінде қандай орынға ие екендігін білеміз. Жұмыртка салу арқылы жылан мен құс бейнелері байланыса алады. - Жылан салқынқанды, сондықтан ол жыл маусымының салқын кезеңдерін "өлі жағдайында" өткізеді де, күн жылынғанда "қайта тіріледі". - Жыланның уы қатерлі. Жыланның оқша немесе найзағайша атылғанын көрген кезде, оның шаққанының оттың күйдіргеніндей әсері болады. Бұл жыланды отпен және сумен (алдыңғы қисындар бойынша) байланысты етеді [7, 11 б.]. Жылан, айдаһарға байланысты наным-сенім, ырымдар түркі халықтарында кездеседі. Мәселен, Қазақтар жылан үйге кірсе, жақсылық нышаны деп ұрып, өлтірмейді. Басынан ақ құйып, ардақтап далаға шығарады. Мәселен, 296