БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Página 296

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. категориясына кіретін мифтік тұрпат [3, 312 б.]. «Авеста» кітабында айдаһар мифтік бейне – «Ажи-Дахака» түрінде кездеседі. Айдаһар - байырғы наным- сенім бойынша бірнеше басты алып жыртқыш, адам баласына өлім әкелетін дүлей күш, жалмауыз. Айдаһар – әлем халықтарының фольклорында жиі кездесетін кейіпкер. Кейбір қазақ ертегілері мен хикаяларында әйел кейде айдаһардың етіне жерік болады және ол тотемдік сенімнің қалдығы, ал айдаһардың адамды жұтуы фольклорлық шығармада көрініс тапқан.тану ғылымында анықталып отыр. Қазақтардың төл түсінігінде айдаһар жыланның алып түрі ғана. Академик С.А. Қасқабасов айдаһар тотемін жан-жақты талдаған : «Айдаһар түптеп келгенде ғаламат алып жылан» деп пайымдайды. Қазақ ертегілерінде айдаһар «алып жылан» түрінде кей ертекте, халықаралық сюжеттерде кездесетіндей, сумен қатысты бейнеленеді. Мысалы, әйел бейнесінде құбылып жүріп, жігітке тұрмысқа шығады, шөлге шыдамсыз, түнде тұрып ап, үйдің шаңырағынан мойнын созып, өзеннен су ішкендігі айтылады («Айдаһар»), Кейде ысқырып, аспаннан жаңбыр жауғызады («Айдаһар қатын»), Шөлден қаталап жарылып өлгенде күн бұзылып, жаңбыр жауып кетеді («Арғы мерген»), Әлбетте, бұл сарындар диқаншы, отырықшы халықтарда кездеседі. Айдаһарды жауын-шашын, су иесі деген ұғым қазақ этномәдениетіне сыртқы отырықшы жұрттардан ауысып орнықты. Көптеген халықта айдаһарды ұшатын қанаты бар, аузынан от шашатын, сирағы бар мақұлық кейпінде елестетеді. Кейде ертек айтушылар жылан, айдаһар деген атауларды қатар қолдана береді. Айдаһар төменгі өлілер әлемінің күзетшісі, жанды о дүниеге жеткізуші рух-ие. Ежелгі заманда осы тәрізді неше алуан құбыжықтарға малды, тіпті тірі адамды да құрбандыққа шалатын қатігез салттың талай түрі болғандығы көне мәдениет тарихынан белгілі [3, 31 б.]. Көптеген Евразия континентіндегі халықтардың мифінде айдаһар мен жылан жағымсыз кейіпкер ретінде көрінсе, түркі, монғол және қытай мифтерінде керісінше, жақсы жағынан көрініс табады. Хакас, Тува халықтары жыланды киелі аң ретінде қорғаштайды. В.Я. Бутанаев хакастарда сақталған мынадай мифтік әңгімені баян етеді: «В хакасской мифологии среди пресмыкающихся особое внимание заслужили змей (чылан). По отношению к ним применями иносказания: «узун хурт» – длинный червь, «сойлаас» – извивающийся и др. Хангорцы остерегаются змей. Согласно легендам, когда-то многочисленный хакасский сеок «аара» был истреблен змеями за враждебное отношение к пресмыкающимся. Сумел спастись только один благородный представитель этого рода, который по Совету царя змей обтянул свою юрту пестрым арканом. С тех пор для защиты от змей хакасы вокруг юрты натягивали пестрый архан из белой и черной шерсти [5, 71 б.]. Жыландардың шабуылына ұшыраған «аара» тайпасы да кезінде жыланға табынған көршілес тайпалардың шабуылынан кейін жылан культін қабылдағандығын көрсетеді. Тува жұртының шаман бақсылары өздерін «аза» атты киелі рухтан тарайтындығы туралы аңыз таратады. Азаны көзімен көрген бақсылар ерекше қасиетке ие болады деп сенген. Ол турасында былай дейді: «Чырык чер кырында аза бар болбайн канчаар. Хамнарның бир кончуг алғаныр чувези аза болгай. Азаны мен көөр кижи мен. Аза кижи болганга козулбес. Аза мээң караамга кижи дурзулуг бооп көстүр чүве. Азаның кол чоруур черлери-кыйыг черлер, орук белдири, эрги чевеглер чаны, кызыл элдер баары, арт кыры, кежиг аксы болгаш эрги хонаш болгулаар». Аудармасы: «Жарық жер бетінде аза әзелден бар. Азаның атын тувалық 295