БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Página 295

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Түркі тілдес халықтардың тотемдік нанымдарын зерттеген ғалымдар С.П. Толстов, Н.А. Алексеев, А.Золотарев, В.В. Радлов, Ә.Диваев, Н.И. Ильминский, Т.Д. Баялиева, Г.П. Снесарев, И.И. Ибрагимов, Ш.Уәлиханов, Ә.Х. Марғұлан, Х.А. Арғынбаев, Ә.Төлеубаев, Ә.Ахметов, т.б. Тотемизм – бір жағынан, белгілі бір қоғам мүшелері мен қандайда бір жануарлар немесе өсімдіктер, жансыз зат түрлері арасында туыстық байланысы бар дейтін көне санадағы түсінік [1, 252 б.]. Алғашқы қауымдық кезеңде адамдар аңнан толық бөлінбей, табиғаттың дайын жемісін теріп жеп, тау үңгірлерінде тұрғаны белгілі. Ол кезде адам жыртқыш аңдардан қорғанысы әлі де әлсіз болған, сондықтан болар күштілерінен қорықса, әлсіздерінен көмек күткен. Міне, сол дәуірде тотемдік нанымдар туған деген болжам бар. Тотемизм элементтерінің бір түрі ғылыми түрде «табу» деп аталады. Табу негізінен алғанда этнографиялық ұғыммен байланысты. Табу сөзі полинезия тілінен алынған, кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салу мағынасын білдіреді. Табу дегеніміз – қоғам дамуының әртүрлі сатыларына тән әлеуметтік себептердің негізінде ашық қолдануға болмайтын, тыйым салынған сөздер [2, 3 б.]. Табудың пайда болуы бүкіл адамзат тарихымен, әсіресе рухани дамудың төменгі сатыларындағы діни ұғымдармен тығыз байланысты. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас туыстық қатынасы бар деп түсінетін болса, табуда кейбір айуандар мен өсімдіктер «қасиетті» деп ұғынылып, олардың өз атын атауға тыйым салынады. Егер өз атын атаса, олар естіп, адамға немесе оның мал-мүлкіне зиян келтіреді деп қорқады. Тотемдік нанымдардың негізінде қалыптасқан культтік фразеологизмдер өз ішінде: жан-жануарлар тотемі, құс тотемі, төрт түлік малға қатысты тотем, жылан және айдаһар тотемі болып топтарға бөлініп қарастырылды. Тотемдік нанымдар, атап айтқанда, қырғыз, өзбек, татар, якут, алтай, тува, хакас тілдерінде кездеседі. Тотемдік наным бойынша жан-жануарлар, хайуанаттар, құстар, құрт- құмырсқалар, өсімдіктер, материалдық заттар мен табиғат күштері жеке адамның жарылқаушысы, иесі немесе ата тегі болып саналады. Тотемдік түсініктерге қатысты культтік сөздердің лексика-семантикалық тобын жан- жануарлар, төрт түлік мал, құс, құрт-құмырсқа, жылан-айдаһар атаулары да толықтырады. Енді осы тотемдік ұғымдарға тоқталайық. Түркі-монғол тайпаларының табынған тотемі – жылан. Кейбір түркі халықтарының мифтік танымында «үй жыланы», «жұрт жыланы» (йорт еланы) деген жыланның түрі бар. Жылан тотемизмі, өз тегін, өз ата-бабалары мен атақты адамдарын жылан-анадан яғни жылан-бабадан тарату болған. Бұл – жыланға жағымды сипат беріп, оны өзінің ата тегі деп көрсетіп, оны құрметтеу, табыну дегенді білдіреді. Айдаһар (аждаһа) – қазақтың ертегілік және мифтік дәстүріндегі құбыжықтың (демонның) жалпылама атауы. «Айдаһар» сөзінің көне түркілік этимологиясы: мұндағы «ажи» сөзі «жылан», «жылан-баба, әже» дегенді білдірсе, «даһ» сөзі «бастапқы тіршілік көзі, тіршілік иесі, тірі пенде» немесе «тіршілік, өмір беруші» дегенді білдіреді, яғни Айдаһар – «Барлық жанды жаратушы, тудырушы баба, әже», «Жылан- баба» дегенді білдіретін сөз. Бұл тұрғыдан қарағанда, көне түркілік «Айдаһар» (Аждаһа, Ажи-Даһ, Ажи-Дан) – тіршілікті жаратушы, тәңіриелер мен адамдардың, жалпы тірі мақұлықтардың арғы, түпкі бабасы, «Ұлы Ана» 294