БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 289
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Күнайымды азғырып, теріс жолға түсіреді, Булгар шаһарының ханына
зымиян кеңес беріп, бәлені бастаушы болады» [3, 68 б.].
Енді, эпостардағы мыстан бейнесін назар аударайық. Көп жыр мен
аңыз˗әпсаналарды оқи отырып бір нәрсеге көзіміз жетті. Ол – қартайған қара
кемпірдің өзінің әлденедей бір ақылына, қылған қызметінің ақысына немесе
ұстап, өлтірмекші болған адамының жанын аман қалдыру үшін ұл бала
сұратуы. Ол мыстан кемпір болуы мүмкін немесе жалмауыз кемпір деп
суреттелуі мүмкін, маңызды емес. Бастысы бұларға тән сарын біреу. Ол – ұл
бала сұрату. Мәселен, «Құламерген» жырына назар аударайық:
Жиып ап тамам халқын ақылдасты,
Ұйғарып һәр нәрсеге жақындасты.
Дүниенің жамандықпен түбін тескен
Бір кемпір сонда отырып тақылдапты.
– Әй, патша, мен сөйлейін саған, – дейді,
Не нәрсе екеніні табам, – дейді.
Тілегім дүниедегі менің осы
Некахлап ұғылың қоссаң маған, – дейді [2, 76 б.].
Мұнда сөз болып отырған оқиға Бұлғар шаһарының ханы балықшы әкеліп
сыйға тартқан алтын шаштың не екенін білмей, жұртын жиып ақыл˗кеңес
сұрауы. Сонда ел білмеген ғажайып дүниенің мәнісін бір жаман кемпір
айтамын дейді. Тек, ақысына ұлыңды маған қос деп талап қояды. Мұндай
оқиғалар желісін «Ер Төстіктен», «Алтын сақадан» көреміз. Мәселен, «Алтын
сақа» ертегісінде суда жүзіп жүрген өкпені таяғымен түртем деп байдың басы
бәлеге қалады. Өкпе демде жалмауызға айналып, байды буындыра кетеді. Бай
шыбын жанын арашаламаққа қора˗қора қойын ұсынса алмайды, үйір˗үйір
жылқысын ұсынса алмайды. Енді қайтсем тірі қалам дегенінде жалмауыз
байдың жалғыз ұлын сұратады.
Десек те, мыстанның өзге бір кейпін «Мұңлық, Зарлық» жырынан көреміз.
Мұндағы мыстанның тілегені тіллә (ақша) екені анық. Қай фольклорлық
шығарманы алсақ та ондағы мыстан ел білмейтін дүниенің бәрінен хабардар
болады, ақылы бөлек келеді. Қара халықты да, ханды да алдап соға алады.
Мыстан кемпірлер қара халықпен жымдасып өмір сүретіні де олардың
бейнесіне керемет үйлесетін қасиеттері. Оларды жалмауыздан ерекшелейтін
қасиеттерінің бірі осы. «Мұңлық, Зарлықта» да ел болып, жұрт болып
мәнісіне жетпеген кереметтің сиқырын таппаққа мыстанға жүгінеді:
«Әлқисса, анда патша айтады: – Бұ не деген қалта, мұның толатұғын лажы
бар ма екен? – деп жұртқа жар салды. Һешкім мәнісін білмеді. Сол уақытта
үш жүз елу жасқа келген, ыстық ішкен, сұйық тышқан, қабағы тырысқан,
көрінгенмен ұрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық
кетпеген, кенеп дамбалы к..іне қатқан, өзін туғаннан Құдай атқан, бір
жақсылық көрмеген, тілеуін Құдай бермеген бір Мыстан деген кемпір айтты:
– Патша менің хақымды берсе, мен қалтаны толтырып беремін, – депті.
Патша хақысын береді. Кемпір келіп жерден бір қысым топырақ алып қалтаға
салып еді, анда қалта тасып төгіліп, көшеге сыймай кетті» [2, 21 б.].
Байқауымызша, жырда мыстанның сипаты «дүниенің жамандықпен түбін
тескен» деп келеді. «Құламерген» жырында да осындай сипат алған мыстан
дәл солай суреттелгенімен, жыр кейіпкерлері, халық ол туралы көп хабардар
емес. Себебі, «дүненің жамандықпен түбін тескен, өзін туғаннан Құдай
288