БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Página 287
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
Грузиндерде бұлар «дев» деп аталса, тау халықтары осетиндер «уаги» деп
атайды. Осылардың ішіндегі мифтік алыптарға жақыны көне грек
мифологиясындағы алыптар. Олардың бірі Зевстің адамнан туған ұлы Геракл,
аспанды иығымен тіреп тұрған Атлант немесе су билеушісі Посейдон мен
жер билеушісі Геядан туған Антей. Грек мифологиясындағы оқиғалар
алуандығы бұларға өзара күш сынастырып та көреді. Онда Гераклмен
алысқан Антейдің әлсіз тұсы аяғы жер˗анадан ажыраса әлсірейтіні. Осы
себепті де күштері тең қос алыптың бірі жеңіліс табады.
Алтайлық Сартақпай бейнесі халық мүддесі үшін күрескер ретінде
ашылады. Мұнда оның Толағай бейнесімен типологиялық ұқсастығын
байқаймыз. Толағай жұт келген, қуаңшылық орнаған елін құтқармаққа
сапарға аттанады. Ондағы мақсаты мәңгі жауыны арылмайтын, жасыл
желекті, жайлы етекті алып тауды әкелу болады. Ақырында тауды көтеріп
келген алып бала елге жеткенде аяғының астындағы жануарды басуға аяп, өзі
өлім құшады. Бірақ, ерлікке толы еңбегі еш кетпей, халық қуаңшылықтан
құтылады.
Міне, осындай алыптар бейнесі көне эпостарда мол кездеседі. Оларды
бірде таусоғар, бірде дәу, енді бірде алып бітіміне байланысты тау деп
жырлайды. Мәселен, «Дотан Құбақанбайұлы» жырының мәтініне назар
аударайық:
Келеді неше қабат таудан асып,
Бар Құдай жапан түзден нәсіп шашып.
Келе жатса, үш биік, сүмбіл шырпы
Алдында төбенің тұр қатарласып.
Ол тауға жетелік деп аяңдайды,
Жүруден, аслан, жанын аянбайды.
Шетіндегі екі тау қимылдап тұр,
Қорыққаннан қасына таянбайды.
Дотанның жібереді жалғыз өзін,
Айтқан соң, қайырмады жолдас сөзін.
Қол бұлғап, жолдастарын шақырады,
Үш тауға өзі барып жақындады.
Ол тауларға Ер Дотан сәлем берді,
Алдына жетіп барып жөн сұрады.
Сәлемін жақсы құптап алады енді,
Жолдастары қасына барады енді.
– Қалай, – деп, – қоқаң-қоқаң еткендерің?
Таулардан мәні-жайын сұрады енді [2, 122 б.].
Мұндағы «тау» деп отырғаны табиғи қалыптағы зеңгір шыңдар емес,
мифологиялық түсініктен туған «жанды» таулар, яғни, таудай алыптар,
керемет күш иелері.
Сол секілді «Мұңлық, Зарлық» жырында да Қарадәу есімді кейіпкер бар.
Ол дәудің қасында шайтаны еріп жүреді деп сипатталады. Өзі керемет күшті,
алып болып келеді және адамның қызына ғашық. Күлмес ханның қызы
Құралай сұлудың Мұңлыққа ұзатылатынын шайтаны біліп қойып, бір түнде
алып қашады. Ол дәудің алыптығы сонша үйінің түңлігі таудай көрінеді.
Жырда бұл былай суреттеледі:
Келе жатса Зарлық хан,
Ойнақтап тұрған алдында
286