БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | 页面 282

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. қалың жұрты әуезді үнімен қоштасып қалған қоңыр дауыс иесі Мәдина Ералиеваға арналған «Бозторғай-ғұмыр шырылдап..» өлеңі қазақ поэзиясындағы арнау өлеңдерінің жақсы үлгілерінің қатарын толықтыра түседі. Ұлтының мұны мен сырын, бақыты мен келешек бағытын, өткені мен өтпелі дәуірлерін тұтас алып, жыр теңізін толтырған Жұбан Молдағалиев - желтоқсанның құрбаны. Желтоқсан оқиғасы кезінде Жұбан ақынның Колбин алдында сөз сөйлеп, ұлт жастарын қорғап, қасқая қарсы тұрғандығы барша қазақ еліне мәлім. Ел мұңын арқалай сөйлеген Жұбанның жалғыз ауыз сөзіне жұртының жүрегі жұбанды. Жұбанның көркем бейнесін Ғ.Сейтақ өз туындысында: Қайран жұрт үнсіз талай жанды көмген, Батар күн қызылындай қанды көрген. Қазақтың уыздайын ұл-қызына Жендеттер желтоқсанда салды шеңгел. Халқы үшін қайратты ерлер қамалған көп, Жарқырап тұрды ұдайы жанардан – от. Кекті сөз болып жауға қайта атылды Ақынның жүрегіне қадалған оқ. Жалаулар жығылмаған желбіреді, Жанарлар жаутаңдаған мөлдіреді. Жұбанның жалғыз ауыз сөзінен соң Жұбанып қоя берді ел жүрегі. Көрінер қыран - қырдан, Өлең - ойдан, Кенде емес дана қазақ кемел ойдан: Жұбатар, жыласа, елді ер керек қой, Жұбан деп, білмесе егер, неге қойған!? [4, 225 б.] («Жұбан») - деп жырға қосады. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, елім деп еңіреген ерлеріміздің бірі – Хамза Есенжанов та Ғайса ақын өлеңінің кейіпкері. Отарлық езгіден қиналған халық өз бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін, жаңа қоғам орнатуда тарих бетінде қалған адамдардың өмір жолын шебер суреттей білген Х. Есенжановты елі «Ақ Жайық» роман- трилогиясы арқылы таниды. Хамза Есенжанов турасында ақын өзінің «Сарыөмірде мәңгілік бір ғұмыр бар» өлеңінде былайша сыр ақтарады: Кітап жазып қайыңның қабығына, Жары болып дүние жарығы да, Өтті ақыры бәрін де бұзып-жарып, Ұқсап бейне Шалқардың балығына. Қалмайды енді сөз ақсап, күй қақалып, Жатады оның атымен сый да аталып. Қаламына сыйғызып Ақ Жайықты, Жүрегіне халқының құйды апарып. 281