БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 281

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Жүрек әлі жаралы. Жыр да мұңды. Құрбан болып сен үшін кеткен еді, Қазақстан! Тік тұрып, тыңда Ұлыңды! [2, 47 б.] («Бостандық боздағы») Иә, қазақ халқын құлдықтан құтқарам деп жанып кеткен, азаттықты жанымен құптаған Ғұбайдолланың көкірегінде өшпейтін құдірет, аузында халық, тілегінде түбі жақсылыққа деген үміт тұрды. Ерен ер талай алаш арыстарының көз алдында атылып кеткеніне күйініп, «жалғыз өзім жөн болмас алысқаным» деп елдегі жігіттерді бірлікке үндеді. Автор кейіпкерінің батырлық тұлғасын жеткізуде монологтық тәсілді оңтайлы қолданған: Қайран елім, мен сені ардақтадым, Иығымда түсіндім салмақ барын. Көкейімнен кетпейді Қараөзенім, Жүрегімде тұрады Жалпақталым. Көз алдымда жоқ болды таныстарым, Кетті қанша атылып арыстарым!? Бірігейік жігіттер, бір ұйымға, Жалғыз өзім жөн болмас алысқаным. Бостандығы қазақтың - ұранымыз, Қоятұғын биікке ол құранымыз. Бүгін айтып қалайық, кім біледі, Ертең қайда болады тұрағымыз!? Тік ұстасақ, Туымыз тербетілер, Дала гүлдеп, мал өсіп, ел де түлер. Егер осы бетімен кете берсе, Қазақ біткен жойылар жер бетінен... Соңғы сөз: Жалпақталға сыймадық, даламызға, Енді біздің жазылмас жарамыз да, Қайран жастық, әттең-ай, білмей қалдық Бір сатқынның жүргенін арамызда. Жұртым барда мықты едім, табанды едім, Шындықты іздеп, жасымнан, табам дедім... Уа, жендеттер, ақырғы сөзім осы – Халқым түбі бостандық алар менің! - [2, 49 б.] («Бостандық боздағы») Ғұбайдолланың соттағы сөзін асқан шеберлікпен, ерекше екпінмен дәл жеткізгендігін – ақынның шеберлігі деп білеміз. Дәл осы оқиғадан кейін, яғни 1941 жылы желтоқсанның 21-інде Ғ.Әнесов тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Халқы болса тура елу жылдан кейін өз тәуелсіздігін алды. Ақын Ғ.Сейтақтың туған еліне өлшеусіз еңбек сіңірген өнерпаздарына, ақындарына арнаған арнау өлеңдері де аз емес. Мәселен, «Күрең күзде» 280