БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 280

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. Түсті елің талай-талай арпалысқа. Заманнан тепкі көрген бейітің де Қашанғы қалу керек қалтарыста!? Беу, баба, ал ендеше, күрсінбелік, Талайын мықтылардың жүрсің көріп. Күмбезің сенің көркем күйлеріңдей, Халықтың көз алдында тұрсын дедік. Хандықтың қасиеті тақта қалар, Өнерді жақын түгіл, жат бағалар. Бабаңның сен қасына келдің мәңгі, Сол ғана ісімізді ақтап алар! [2, 27 б.] («Күйшіден кешірім») Нарын құмының тарландары: дала перзенті Саркенже Сәрсембиев, Батыраш сынды ескі домбырашылардан күй үйренген, дәулескер домбырашы, белгілі күйшілердің ізбасары Есел Қазиев десек, оның да ерен еңбегін ақын әдемілеп жырына қосқан. Күйші-домбырашының репертуарында 100-ден астам күй болған. Соның ішінде ұмытыла бастаған, сирек кездесетін бірнеше күйді білген. «Орыншаның күйі», «Байжұма», «Ортпа», «Науаи», «Көбік шашқан», «Мүсірәлі», «Қу жетім», «Құрманғазы», «Бұлбұл», «Итог», «Сарыкөл», «Самар», «Айдау тілемшек», «Салық өлген», т.б. ескі күйлерді жеткізген. Бір ғажабы Есел күйші өзі орындаған күйлердің бәрінің шығу тарихын айтып таратқан. Қазақ радиосының Алтын қорына 28 күй жаздырған белгілі күйші. Ақын Ғ.Сейтақ «Ел мен Есел» өлеңінде: Елімен бірге жүрген төсін кере, Еңбегі босқа кеткен, есіл деме. Еңіреп өткен ердей болмаса да, Ей, дала, Есел күйші есіңде ме!? Қанатын үміт құсы қағыпты алдан, Мал емес, құм Нарында бағыпты арман. Күйлерін бабалардың Сарыкенжеден Осы Есел емес пе еді алып қалған! Дем беріп баба рухы түлегіне, Үн де асқақ бірте-бірте үдеді ме!? Отанын «Сарыарқадай» саздан ұғып, Нотаны түсірген ол жүрегіне [3, 50 б.] («Ел мен Есел») - деп құмды өңірдің талантты өкілінің табиғи дарынын жоғары қоя жырлайды. Қазақ тарихында тәуелсіздікті арман етіп, шындық үшін шарқ ұрып, ақиқаттың түбіне жете алмай қыршын кеткен боздақтарымыз қаншама?! Сондай есіл ерлердің бірі Ғұбайдолла Әнесовтің тәуелсіздік жолында үзіліп кеткен жас ғұмырын ақын Ғайса-Ғали Сейтақ «Бостандық боздағы» өлеңінде кейіпкерін сөйлете, онымен сырласа отырып, шебер жеткізеді: Кім естіді, кім білді қырдағы үнді, 279