БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 279
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
«Анық біл, қазақ, анық біл!...» -
Бақ құсы оңай қона ма,
Қан жұтқан шығар сол ара.
Көз жасы әлі тамып тұр
Қос арыс жатқан молаға... [2, 32 б.]
(«Қос арыс»)
- дей келе, ешбір дұшпанына бас ұрмай өткен қос арыстың өмірі де бір
арнаға тоғысып, өлімінің де тағдырлас болғандығын, яғни адам қолынан қаза
болғандығын ашына жырлайды. Ишанғали Меңдіханов та бөкейліктердің
мақтанышы болды. Қарға тамырлы қазақтың мәңгілік киесі Алаш мұратына
ақтық демі таусылғанша қалтқысыз қызмет еткен, «Алаш зиялыларының
имамы» атанған Ғұмар Қараштың орны әлеуметтік-саяси қызметте де,
әдебиетте де бөлек болатын. Ғұмар Қараш қайраткер, алғашқы қазақ
драматургтарының бірі Ишанғали Меңдіханов опатына «Меңдіханов
Ишанғали қазасына» жоқтауын арнап, егілді. Ұлт тарихындағы арда
тұлғалардың кемел істерін ілгерілеткен, ерлік пен өрлік тағылымын
дәріптеген «нарынның нар ұлдарының» (Ғ.Сейтақ) өнегелі ғибратын ақын
осы «Қос арыс» атты арнау өлеңінде шынайы жырлай білген.
Поэзиядағы Махамбет сияқты, ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан
даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана
тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешкен Құрманғазы Сағырбайұлының
асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Ақын біртұтас
ұлттың ұлы тұлғасы, күй саңлағына арналған «Бейіт басындағы күй»
өлеңінде әсерлі жеткізеді:
Мерт болып арғымақтар, ит өлмеген,
Кей талант шетте қалып, сый көрмеген.
Тып-тыныш жатыр еді көптен бері,
Бейіттің басын бүгін күй тербеген.
Жол жатыр секілденіп тегіс тақтай,
Жүр ме екен талай дарын өріс таппай.
Бейне бір күй атасын жоқтағандай
Бейуақ безілдейді «Терісқақпай».
Қаба алмай арғымақты, ит өледі...
Ұрпақтан өзге нендей сый көреді!
Танытып Құрманғазы құдіретін
Құлаққа бейіттен де
Күй келеді [3, 26 б.]
(«Бейіт басындағы күй»)
Қазақтың әйгілі күйші композиторы, төре күйлерінің негізін
қалыптастырушы Дәулеткерей Шығайұлының да күй өнерінде алатын орны
ерекше. Еліміз тәуелсіздік алып, жоғын түгендеген шақта күйшінің сүйегі
қиырдағы Қарамоладан Ордаға, хан зиратына әкелініп, Жәңгір бабасының
қасына жерленді. Ғ. Сейтақ «Күйшіден кешірім» өлеңінде ақын
Дәулеткереймен сыр ақтарысып, ой бөліседі. «Неліктен мені тастап кетті
екен?!» деп Қарамоламен бірге күрсініп жатырсың ба?!» - деген сауалдарды
туғызып, оған авторлық ішкі толғаныспен жауап қатады:
Ызыңдар күйің болып нар қамыс та,
278