БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 278

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. тежалпы өлкетануға назар аудару мәселелері Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласы [1] жарияланғаннан кейін қоғамда рухани құндылыққа деген үлкен серпіліс, жаңаша бетбұрыс пайда болды. Әдеби өлкенің ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы поэзияның аға буын өкілдерінің дәстүрлі бастауын одан әрі дамыта тарқатқан жаңа толқын сапында ақын Ғайса-Ғали Сейтақ та жарқ етіп көрінді. Әдеби қауымға «Маңдай» (1990), «Аман бол, Атамекенім!» (1996), «Нарынның нар ұлдары» (1998), «Ай-арудың алқасы» (2001), «Тек пен тамыр» (2005), «Жақыным менің - жалпақ ел» (2007), «Қасиет қонған қара жер» (2018) атты жыр жинақтарымен танылған ақын әдебиет жайлауынан өзіне тән өрісін еншіледі. Ақын шығармашылығында жергілікті өлкеден шыққан тарихи тұлғалар, өнер адамдарының бейнесі тұрақты орын алған. Мәселен, Бөкей ордасы ханымен немесе батырларымен ғана аты шықпай, елге мәшһүр өзге де есімдермен танымал десек, Құрманғазы мен Дәулеткерей, Дина мен Сейтек сынды атақты күйшілердің, қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Мұхаммед-Салық Бабажановтың, Шәңгерей Бөкеев пен Ғұмар Қараш секілді шайырлардың, Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы Сейітқали Меңдешев сынды бірегей тұлғалардың кіндік қаны тамған мекені екені баршаға мәлім. Аталған тұлғалардың көркем сөздегі бейнесін ақын Ғ.Сейтақ олардың ел тарихындағы алар орнына, қоғам өміріндегі сіңірген еңбектеріне сай бағалап, өлең сөздегі образдарын шырқау биікке көтере сомдамаққа ұмтылды. Мысалы, қазақтың тұңғыш драматургтарының бірі Ишанғали Меңдіханов пен ақын Ғұмар Қарашқа арналған «Қос арыс» өлеңінде: Он тоғызыншы жыл еді, Жүректі қайғы тіледі. Қазаның орны толмасын Тұтқандар аза біледі. Құтқармай жүйрік аты да, Жазылмай соңғы хаты да, Жан еді бітім іздеген, Қарусыз кеткен қапыда. Ажалға қимай ардағын, Аһ ұрып айтып арманын, Ғұлама Ғұмар сезгендей Екі-ақ жыл ғұмыр қалғанын. Жүргізді заман жарлығын, Талайдың қозғар зар-мұңын. Салады еске қос арыс Лермонтов, Пушкин тағдырын. Жанады оты жаңа үйдің, Жігерін әркез жаниды ұл. Үмітін үрлер ұрпақтың Иманы Ишанғалидың 277