БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 274

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. ірілік). Сонымен бірге тек ілу, іліну, ілесу, ілім сияқты сөздерден басқа «л»- дан келетін сөздерде сөз басында «ы, і» таңбаланбауы Қ.Жұбанов ұстанымдарынан бастау алады. Қазіргі кезде де бір ұстаным мағынаға әсері жоқ жағдайда қысаң «ы, і» әріптерін мүмкіндігінше шектеуді ұсынса, екіншісі қысаң «ы, і» әріптерін қысқарту салдарынан сөз ішінде бірнеше дауыссыз дыбысты қатар жазуға тура келетіндігін, сондай-ақ сөз, буын аяғында келмейтін кейбір ұяң дауыссыздар емлесіне қайшы келетінін айтып, тіліміздің үндесе айтылымына әсер ететіндігін алға тартады. Қысаң «ы, і» дауыстылардың таңбалану емлесіне қазіргі кезде де ғалымдар мен жұртшылық бірдей келісе бермейтіндігін ескерсек, Қ.Жұбанов ұстанымдарының әлі де ғылыми өзектілігі жоғары екендігін біле түсеміз. Қ.Жұбанов бір мағына беретін күрделі біріккен сөздерді бірге жазуды ұсынған: cermai (cer –жер, mai-май), bescьldьq (bes-бес, cьldьq-жылдық), yiqoian (yiqoian-үй қоян), qolqap (qol-қол, qap-қап); Алдындағы дыбысталымға бағына айтылатындықтан шылау сөздерді бірге жазу керектігін де көрсеткен(son, ma ?): barama? barganson, kelgesn; [11, 523 б.]. Қазіргі кезде қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірілуі кезеңінде жазу емлесіне ерекше назар аударудың маңыздылығы туралы айтып, осы «ы», «і» дауыстылары үстемеленіп жазылған сөздерді көрсетіп, емле мәселелерін сөз етіп жүрген ғалымдардың бірі С.Бизақов жазуда жарыспа тұлғалар мен әдеби норма арасын да дұрыс түсінуге, жазудағы бірізділікті сақтауға, сондықтан емлені ескеруге шақырады [12, 4 б.]. Жазу емлесіндегі қиын мәселелердің бірі сөздерді бірге не бөлек жазудың басты ұстанымдарын айқындау десек, ғалым Қ.Күдеринова зерттеуінде сөздің тұрпат межесі мен мазмұн межесін назарға ала отырып, құрама сөздің сыңарларының тура мағынасы мен ауыспалы мағынадағы қолданыстары арқылы оларды бірге не бөлек таңбалаудың тиімді жолдары көрсетілді [13]. Латыннегізді қазақ әліпбиі бекітілгеннен кейін тіл жанашырлары жаңадан ұсынылған қазақ орфографиясының Ережелері жобасына талқылауға кірісті [14]. Жаңа мазмұнды Қазақ емлесінің негізгі ережелерін дайындау барысында біртуар ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбановтың, латын графикасына ауысу идеясының көшбасында болған академик Ә.Қайдар, қазіргі қазақ жазуының ғылыми ортологиялық негізін қалаған аса көрнекті ғалым академик Р. Сыздықтың ұлағатты тұжырым-пікірлері басшылыққа алынғаны құптарлық жай. Сонымен қатар қазақ жазуының тарихындағы ғылыми қисындары мен жазу практикасы, латыннегізді әліпбиді қолданған және қолдана бастаған түркітектес халықтардың тәжірибесі, қазақстандық қоғамдағы қазіргі жазуға қатысты шешімін күткен мәселелер жан-жақты зерделенген. Ережелер жобасында емле ұлттық тіліміздің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуына, тіліміздің дыбыстық қорының мүмкіншілігін толық қамтуға, тілдің ұлттық сипатының сақталуына және қазіргі таңдағы қолданыс ерекшеліктерін ескеруге ерекше назар аударылған. Сонымен қатар қазақ тілінің құрылымдық сипаты, тіл дыбыстарының фонологиялық үндесу заңдылықтары, дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылым-жазылым ерекшеліктері, үндесу және дыбыстардың өзара үйлесу заңы, қосымшалардың жалғануы, сөздердің тұрпаты мен мазмұнына қатысты ерекшеліктері, түбір сөз, бірге, бөлек жазылатын сөздер мен қосарлы сөздердің жазылуы, бас әріптің қолданылуы, сөздердің тасымалдануы, сияқты емле мәселелері дұрыс және қазіргі ғылым жетістіктеріне сәйкес 273