БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | страница 272

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. мүмкін. Сондықтан дәйекшімен берілетін әріптерді әлі де қарап, жетілдіре түсуге уақыт та, мүмкіндік те бар екенін айтқанбыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығы бойынша «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізілді [8]. Әліпбидің бұл нұсқасының ерекшелігі-апостроф орнына бір ноқат(акут) алынуы. Әріпүсті ноқат жазуға, қабылданымға оңтайлы екені байқалады. Бұл әліпбиіміздің жетістігі деп білеміз. Әліпбиде бұрынғысынша 32 әріп алынған. Оның ішінде қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонема (9 дауысты, 19 дауыссыз) және кірме сөздердегі 6 фонема (и, в, ф, һ, х, ч), және бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар Hh-[х], [h] және I-[и], [й], сонда барлығы 34 дыбыс таңбаланған. Әліпбидегі 6 дыбыс әріпүсті ноқат арқылы (ә, ө, ү, ғ, ң, у) және екі дыбыс қос әріппен (диграф) таңбаланған (Ch- [Ч] , Sh[ Ш]). Бұл жолы алдыңғы бекітілген әліпбиден екі дыбыстың әріптері өзгертіліп, диграфпен таңбаланған (Ch/ch- [Ч] және Sh/sh-[ Ш]). Кезінде профессор Қ.Жұбанов өзі ұсынған әліпбиінде «Ш» дыбысын таңбалау үшін латынның «С» әрпін қолданған еді. Әліпбидің бұрынғы нұсқасында I i -[и], [й] апострофпен берілсе, енді бұл жолы ешқандай белгісіз таңбаланған екен. Сонда әліпбиде 10-11 қатарда тұрған «і»және «и,й» әріптері ұқсас таңбаланған деуге болады. Бұл жағдай жазуда қиындық келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, ең алғашқы талқылауларда сынға алынған диграф тағы да екі дыбысты таңбалау үшін қайта алынып тұр. «Ш» дыбысы жазуда көп қолданылатындықтан бұл жағдай жазуымызды Жалпы алғанда, әліпбидің соңғы нұсқасы талапқа сай, көңілге қонымды жасалғанмен әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді. Сондықтан бұл әліпбиді жетілдіре түсу үшін төмендегідей ұсыныс айтқым келеді. Әліпбидегі әріптер дыбыстардың өзіндік фонетикалық ерекшеліктеріне сай жүйелі таңбалануы тиіс. Әліпбиде өздерінің жуан-жіңішкелігімен бір-біріне қарама-қарсы қойылатын дауысты дыбыстар «А» мен «Ә», «О» мен «Ө», «Ұ» мен «Ү» тек әріпүсті белгілермен ажыратылып, бірдей әріптермен берілуі өте дұрыс жасалған деп есептейміз. Бірақ жуан-жіңішкелі «Ы» мен «І» дауыстыларының I i -[і], Y y- [ы] болып екі түрлі таңбамен берілуі осы жүйеге сай келмей тұр. Сондықтан бұл екі туыс дауысты да Y y- [ы], Y`y`-[і] болып, бірдей әріппен таңбаланып, басқа дауыстылар сияқты жүйемен, тек әріпүсті белгілермен ажыратылуы тиіс. Егер осылай алсақ, қазақ тіліндегі барлық тоғыз дауысты да жүйелі таңбаланар еді: A а - [а], A`а`- [ә]; O o - [о], O`o` - [ө]; U u- [ұ], U`u`-[ү]; Y y- [ы], Y`y`-[і], Ее-[е]; Сонымен қатар дауыссыз дыбыстар жүйесінде бір-біріне жақын дыбыстар да бірдей әріптермен таңбаланып, тек әріпүсті белгілермен ажыратылуы тиіс. Бұл талапқа сай N n - [н], N`n`- [ ң] және G g-[г], G` g` -[ғ] әріптері де дұрыс алынған деп есептейміз. Ал дауыссыз «й», «у», «ш», «ғ», «х», «ч», «Һ» дыбыстарын таңбалауға төмендегі графемаларды қолдануды ұсынамын: I i - [й]; W w- [у]; C c- [ш], C`c`- [ч]; H h- [h]; X x - [x ]; Латын әліпбиіндегі барлық әріптердің қызметі барлық елде бірдей емес, әр ел әріптерді өз тілдерінің дыбыс жүйесіне қарай бейімдеп таңбалаған. Сондықтан латынның «с» әрпін қазақ сөзіндегі «ш» дыбысы үшін алу керек, оны «це» немесе «к» деп оқып кетеді деп қорқуға негіз жоқ. 271