БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 271

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. болып, бұл жолғы әліпбидің жақсы жақтары көрсетіліп, мүмкіндігінше әлі де жетілдіре түсуге болатыны айтылды. Қазақ тілі әліпбиін латынға көшіру бағытындағы талқылау жұмыстары ғылыми қауым, жалпы жұртшылықтың белсене қолдауымен жүргізілді. Қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру жөніндегі жұмыстардың барысын өзі тікелей бақылап отырған Президент: «Әлемдегі ешқандай ел дәл біз тәрізді жаңа әліпбиді талқыламаған. Бізге әр адамның пікірі маңызды. Латын әліпбиіне ауысуға қатысты президент әкімшілігіне 300-ден астам үндеу жолданды. Жастардың бұл процеске қолдау көрсеткені қуантарлық жағдай», - деп жастарға да ерекше ризалығын білдірді [6]. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен «Қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі» бекітілді [7]. Елбасы Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде 32 әріп бар. Оның ішінде қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонема (9 дауысты, 19 дауыссыз) және кірме сөздердегі 6 фонема (и, в, ф, һ, х, ч), барлығы 34 дыбыс таңбаланған. Сонымен бірге бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар Hh-[х], [h] және I’-[и], [й]. Әліпбиде 9 дыбыс дәйекші (апостроф) арқылы, яғни қазақ тіліне тән 5 төл дыбыс (ә, ө, ү, ғ, ң), 1 кірме дыбыс (ч) және екі тілге де ортақ 3 дыбыс(и/й, ш , у) таңбаланған еді [6]. Бұрынғы әліпбиімізде 42 әріп болса, бұл нұсқадан 8 әріп( ё, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я) қысқарып қалды. Әліпбиде «ң» дыбысының жазылуы екі түрлі (N’ n’-[ң], [ng]) таңбаланып берілуі оның әлі нақтылау қажеттігін танытты. Бұрынғы әліпбиімізде қазақ тілінің қазіргі артикуляциялық базасында жоқ дыбыстардың көп болуы тіліміздің өзіндік фонологиялық заңдылықтарын бұзып келген еді. Мысалы, жаңа әліпбиіміздегі бір таңбаға матап қойылған Hh - [х] мен [h] дыбыстары өзіміздің төл «Қ» дыбысымен қапталдаса жарысып, қазақ жазуында «Қ» арқылы айтылатын кейбір сөздер орыстың «Х» және арабтың «Һ» дыбыстарымен жазылып келді. Мысалы, қабар- хабар, қош келдің-хош келдің, қат жазу-хат жазу (қазақ тіліндегі сөздерде); Хадиша-Қадиша; Хакім-Кәкім, әкім, Хамит-Қамит-Әмит; Хорлан-Қорлан (араб тілінен келіп, қазақша игерілген сөздер); «Һ» - қаһарман- қаһарман, мәшһр- мәшқұр, шаһар - шақар, жиһаз- жиқаз; (аһ, оһ, аһыла-үһіле- одағай сөздер); Енді шама келгенше, әліпбидегі апостроф арқылы берілетін әріптер аз болса деген ұсыныс айтылған еді. Себебі апостроф қазіргі таңдағы жазуға деген сұраныстың артып отырған кезеңнің талабын толық қанағаттандырмайтыны мамандарға белгілі жай. Бұл әліпбиде латын әріптерін барынша қазақ тілі дыбыстарына сәйкес таңбалауға, қазақ тілінің үндесім талаптарына бейімдеуге, «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын сақтауға назар аударылған. Дәйекші қолдану нәтижесінде тіліміздегі барлық дыбыстарды да қалдырмай таңбалау мүмкін болған. Әліпбидің бұл нұсқасын талқылау барысында оның жетілдіре түсер тұсы ретінде, мүмкін болғанша, апостроф санын қысқарта түсу керек, қазақтың төл дыбыстарын шама келгенше дәйекшесіз берілетін әріптермен таңбалауға назар аударған жөн деген ой білдірген едік. Себебі жазуымыздың өткен тарихында дәйекші ұтымды жол болса, қазіргі жаһандану заманында, көптілділік бәсекесінде, адамның тез жазуға сұранысы өскен қазіргі кезеңде, қауіпті аумақта қалғандай дәйекшімен берілген дыбыстар шеттеп қалуы 270