БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 270

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. цифрлық технология деп компьютер пернетақтасының жағдайын алға ұстап, тілдің оқу-жазу мәселелерін одан кейін қоюға болмайтыны туралы әр түрлі басқосуларда мамандар тарапынан айтылды. Дәйекшіні қолдану жазу тарихындағы өткен кезең, сондықтан дәйекшіні қолданудың басқа жолын табу керек. Әліпбиге диграфтарды алмауға қалай қарсы болсақ, дәйекшіні қолдану да өткен кезең үшін жетістік болғанмен, қазіргі графикалық лингвистика жетістіктері «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын жақтайтынын тағы да баса айтамыз. Бүгінгі таңда әліпбиде әр дыбыстың өз таңбасы болмаса, олар жаһандану екпініне қарсы тұра алмай қалады. Жазу тарихына зер салсақ, диграф(қосарланған таңба) қолданатын ағылшын әліпбиі жазудың алғашқы кезеңіндегі түрі болса, одан кейін жазу жетілген кезеңде жазуын жетілдірген елдер диграфтан бас тартып, диакритикамен жазуға көшті. Себебі, екі әріппен бір дыбысты таңбалау оқу- жазуға салмақ түсірді, ал оған қарағанда түрлі қосымша белгілермен (диакритикамен) өзгертіп алынған әріптер тиімді болды. Ал кейбір жерлерде әліпбиде апостроф пайдаланылды. Бірақ бұның әріптен тыс белгі ретінде ұмыт қалатын кездері көп еді. Одан кейін «бір әріп-бір дыбыс» графикасын ұстанған нағыз жетілген әліпбилер дүниеге келді. Бұл жетістікке ие болғандар қатарында орыстың қазіргі кирилл әліпбиін айтуға болды. Кирилл таңбалары арқылы алынған біздің де төл дыбыстардың таңбаларындағы қосымша белгілері сол әріптермен жалғасып жатқандықтан олар бір бүтін ретінде танылды. Мысалы, «ө» дыбысына алынған «о» таңбасының ортасы сызылып, бүтін бір әріп болып тұр. Бүгінгі күні компьютерде жоқ таңбаны алмаймыз деп, төл дыбыстарымызды таңбалауды қиындатып жіберуіміз мүмкін. Бас-басына таңбасы болмағандықтан күнделікті жазылымда адамдар апострофты бірде жазып, бірде қалдырып жазуға жол беруі мүмкін. Осылай болса, әрі тартсақ, компьютер пернетақтасына сыймаймыз, бері тартсақ, «бір әріп - бір дыбысқа» келмей қалады. Қалай болғанда да апострофты алудан басқа шара жоқ, сондықтан ендігі жұмыс, шама келгенше, дәйекшіні азайтуға көңіл бөлінуі керек. Қазақ тілі әліпбиінің «Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің біркелкі стандарты жобасы» деп аталған екінші нұсқасы 2017 жылдың 9 қазанында халық талқылауына ұсынылды [6]. Қазақ тіліндегі барлық дыбысқа латын әліпбиіндегі 26 таңба жетіспегендіктен бұл жолы апостроф (дәйекші) қолданылды. Халық талқылауына ұсынылған бұл екінші әліпби жобасында 32 әріп болды. Оның ішінде латынның «H» әрпі біздегі [х], [h] дыбыстарын, апострофпен (дәйекші) берілген латын «I’» әрпі [и], [й] дыбыстарын, яғни бір әріппен екі дыбысты таңбалап, «бір әріп – екі дыбыс» ұстанымына сай алынған еді. Бұған қоса, тағы да 7 дыбыс, Ә, Ң, Ө, Ш, Ч, Ү, У, апострофпен берілді. Әліпбидегі 32 әріптің осылай алынуына байланысты олар 34 дыбысты таңбалап, бұрынғы 42 әріптің ішінен 8 әріп (ё, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я) қысқартылды. Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиінің екінші жобасынд 9 дыбыс дәйекші (апостроф) арқылы таңбаланды, яғни қазақ тіліне тән 5 төл дыбыс (ә, ө, ү, ғ, ң), 1 кірме дыбыс (ч) және екі тілге де ортақ 3 дыбыс (и/й, ш, у) апострофпен таңбаланды. Бұл жағдайлар қазақ тіліндегі барлық дыбысқа латын әліпбиіндегі 26 таңба жетіспейтіндігіне тағы да көз жеткіздіртіп, сондықтан бұл жолы апостроф (дәйекші) қолданылғаны айтылды. Мамандар арасында біраз талқылаулар 269