БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 269
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
қосарланған әріптермен (диграф-екі әріппен) таңбаланған еді. Сонымен қатар
«і» және «и» екі түрлі дыбысымыз латынның бір ғана « Ii» әрпімен, «х»
және «һ» дыбыстары латынның бір ғана «Hh» әрпімен, яғни «бір әріп – екі
дыбыс» ұстанымымен таңбаланды. Сондықтан әліпбидің «бір әріп – бір
дыбыс» ұстанымы халықтың көңілінен шықса да, «бір әріп – екі дыбыс»
ұстанымымен алынған «Ii», «Hh» әріптері, «бір дыбыс-екі таңба, диграф
жүйесі» ұстанымымен алынған 8 диграф халықтың, соның ішінде тіл
мамандары тарапынан толық қолдау таба алмады. Әліпбиде диграфпен
берілген 8 әріп жазуда бұрынғыдан әріп саны көп болып тұрады.
Бұл әліпбидің бір жетістігі компьютер пернетақтасына орналастыруға
келетіндігі мен классикалық латын әліпбиіне сай жасалғандығы болып
табылады. Ал қазақ тіліндегі кейбір дыбыстардың, әсіресе, төл
дыбыстарымыздың, қосарланған әріптермен (диграфпен) берілуі «бір әріп -
бір дыбыс» деген ұстанымға келмей, көңілге қонбады.
Қазақ жазуы тарихында әр түрлі графикадағы әліпбилер қолданылса да,
оның барлығында да «бір әріп бір дыбысты таңбалау керек» деген ұстаным
болған. Сондықтан қазақ халқының санасында ғасырлар бойы қалыптасқан
«бір әріп – бір дыбыс» ұғымын бірден өзгерте салу дұрыс емес деп ойлаймыз.
Бір дыбысты екі әріптің тіркесімен беру, яғни диграф қолдануды ағылшын
жазуының жетістігі не кемшілігі деп біржақты қарауға болмайды. Егер
бүгінгі күні жазу заңдылығын өзгерту мүмкіндігі болса, ағылшындардың өзі
де қазіргіден басқаша қарастырар еді. Себебі, «бір әріп – бір дыбыс»
ұстанымындағы жазулармен салыстырғанда, диграф оқу-жазу әрекетіне көп
салмақ түсіреді деп ойлаймыз. Қазақ жазуы тарихында болмағандықтан, бір
дыбысты қос таңбамен, диграфпен, белгілеу жазуда біздің қалыптасқан
әдетімізге де біршама қолайсыздықтар туғызатын еді. Себебі европа
тілдерінен өзгешелігі қазақ(түркі) тілдері құрылымы жағынан жалғамалы
(агглютинативті) тілдерге жататындықтан түбір сөзден кейін жалғанатын
қосымшалары да көп болады, соған байланысты қосымшалары арқылы сөз
мағынасы да, сөздің
тұрқы да ұзара түседі.
Ал бір дыбысты екі
әріппен(диграфпен) таңбаласақ, онда сөз құрылымындағы әріп саны өсе
түседі. Бұл жағдай жазуға да қосымша ауыртпалық түсірер еді. Ал
европадағы роман, герман, славян сияқты тілдерді бір сөзбен флективті тіл,
яғни сөздерінің сыртқы тұрқы қысқа келетін тіл, болып саналады. Олардың
сөздері қанша өзгеріп құбылса да, тұрқы қысқа күйінде қалады. Сондықтан
оларға , «бір дыбыс-екі таңба, диграф» ұстанымы оңтайлы, сондықтан бұл
тілдер қосар әріпті пайдалана алады. Осыған байланысты тегі басқа ағылшын
тілі мен оның жазуындағы «ерекшеліктерді» туыстығы жоқ, өзге тілдерге
үлгі етуге болмайды.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілге деген сұраныс артып, керегесін кеңге
жайып, егеменді елімізбен қатар дамып келеді. Қазақстан сияқты бүкіл
әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай
мінсіз болып келуін күнделікті өмірдің өзі талап етіп отырғаны баршаға аян.
Сондықтан осы мәселеге байланысты өткізілген шараларда түрлі кәсіп
мамандары латын негізді қазақ тілі әліпбиіне алынатын әріптердің
тіліміздегі дыбысқа сай келуін және қосымша белгілер алғанда ерекше
мұқият болу туралы ұсыныстар көп айтылды. Олар қазақ әліпбиінің «бір
әріп-бір дыбыс» ұстанымға сай жасалуын жақтап отырды. Мүмкіндігінше,
«бір әріп - бір дыбыс» деген ұстанымда тұрсақ, оқу-жазуға жеңіл болатыны,
268