БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 268
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
бастан кешірген елдегі кейбір адамдарымыз жаңа әліпбиді меңгере алмай
қаламыз ба деген алаңдаушылығын да байқатты.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан
- 2050» «стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесін тағы
да көтеріп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын
әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті
мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және
бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет
тілін жетік игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», -
деп атап көрсетті [4, 73 б.]. Бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді
төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды
бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін
жасалған ғылыми мәнді шара деп білеміз. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің
бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына
қалай енгізілгеніне келіспейміз» деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі бұл
сөз тілінің болашғын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы
қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ
әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз
бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ
жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме
әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп
түсіндік. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын
ойлап, қолданыс аясы одан әрі кеңейе түсуге мүмкіндік жасап, тілімздің ішкі
табиғатына әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын
болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография)
талаптарын жүйеге түсіру деп түсінуіміз керек.
Қазақ әліпби мен жазу тарихына зер салсақ, кеңестік жүйе 1929 жылғы 7
тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары
Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі
алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде
жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды. Ал 1940
жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс
графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Енді
өз таңдауымызбен әліпбиіміз бен жазуымыз дұрыс болуы үшін, ел болып
латын әліпбиіне көшудің тез жүзеге асырылуына үлес қосуымыз керек.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың рухани жаңғыру бағытында
баяндаған терең мәнді мақаласы халықтың ықыласы мен қолдауына ие
болып, латын әліпбиіне көшу бағытындағы істерге тың серпін берді. Латын
графикасына негізделген қазақ әліпбиінің «Мемлекеттік тілдің бірыңғай
стандартты әліпбиінің нұсқасы» деп аталған алғашқы жобасы 2017 жылдың
11 қыркүйегінде Парламент депутаттарының талқылауына ұсынылды [5]. Бұл
әліпбиде 25 әріп және 8 дыбысты таңбалайтын 8 диграф(қосарланған таңба)
ұсынылған болатын. Диграф деген сөзді
«бір дыбысты қос әріппен
таңбалау» деп түсінген жөн. Әліпбиде «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымымен
әр дыбысқа бір-бір әріп алынса да, бас-басына латынша жеке әріп
жетіспегендіктен, қазақ тілінің «Ә, Ө, Ү, Ң, Ғ, Ч, Ш, Ж» дыбыстары
267