БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 267

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп, латынға көшудің маңыздылығына көңіл аударған болатын [1; 2]. Қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы Елбасының рухани жаңғыру бағытында баяндаған бағдарламалық мақаласындағы терең мәнді ұстанымдарын халықтың ықыласына ие болып, қолдау тауып отырған мәңгі елдің болашағына, мемлекеттік тілдің келешегіне жасалған игі істердің, маңызды тарихи оқиғалардың бірі деп білеміз. Бұл туралы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек: «Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақтылап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшуді сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлау, оның қолданыс аясын одан ары кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге жасалған мүмкіндік деп түсіну керек»,- деген еді [2]. Қазір латын негізді қазақ әліпбиі қабылданған соң, енді латын графикалы қазақ жазуының емле ережелерін қалыптастыру мәселесіне байланысты атқарылатын жұмыстарға кезек келді. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап, қазақ жазуын латын графикасына көшірудің артықшылықтары мен тіліміздің болашағы үшін қажетті шара екендігі туралы алғашқы пікірлер тілші ғалымдар арасында айтыла бастаған еді. Елінің болашағын тіліннің болашағымен байланыстыра қарайтын, «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», «Қазақ тілі- Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» деп мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ісін үнемі назарында ұстап жүрген Елбасы алғаш рет осы мәселе жөнінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2006 жылғы 24 қазанында өткен ХІІ сессиясында сөз қозғап: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген болатын [3]. Елбасының осы жиында жасаған «Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық» атты баяндамасы қоғамда үлкен серпіліс туғызған еді. Осы кезден бастап ғылыми ортада латын әліпбиінің мүмкіндіктері мен оны қазақ әліпбиіне көшіру мәселесі жөнінде түрлі дәрежедегі талқылаулар болып, бірқатар басылымдарда маңызды-маңызды ғылыми мақалалар да жарияланған еді. Түрлі пікірталастарда әр түрлі көзқарастар ортаға ой салынып, «тақырып» жан-жақты талқыланып келді. Мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты шаралар өткізілген тұстарда латын әліпбиі туралы, оның қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейте түсуге қосар үлесі де мол екендігі айтылып жүрді. Әр түрлі қиындықтарды алға тартып, әліпби ауыстырудың машақаты халықтың тұрмыс жағдайына да әсер етпес пе екен деушілер де болды. Бір әліпбиден екіншісіне көшу бір күнде болмайтын, латын әліпбиін әбден меңгерген кезде ғана латын әліпбиіне көшетінімізді біле тұра, таңертең ұйқысынан оянғанда ақшасы теңгеге ауысып кеткенін 266