БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 266
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
ӘОЖ 809,434, 2-4
Садуақас Н.А. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
E-mail: [email protected]
ЛАТЫН НЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ МЕН ЖАЗУЫНЫҢ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аңдатпа. Мақалада қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру
мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалған. Латын
графикасын қолдану арқылы
қазақ тілі мен оның жазуы
әлемдік
стандарттарға сай болатыны, мемлекеттік тілдің мәртебесі артып,
қолданыс аясы кеңейе түсетіні, қазақ тілінің орфоэпиясы да сингармонизм
заңдарына сәйкес болатыны айтылып, әліпбидегі латын әріптері мен қазақ
тіліндегі дыбыстарға лингвистикалық сипаттама берілген. Қазақ жазуы
тарихында әр түрлі графикадағы әліпбилер қолданылса да, оның барлығында
да «бір әріп - бір дыбыс» деген принцип болғаны, сондықтан әліпбиде
диграф,
диакритика,
апостроф
қолданудың
қиындықтары мен
ерекшеліктері туралы ғылыми талдау жасалған.
Тірек сөздер: әліпби, қазақ тілі, дыбыс, әріп, графика, диграф,
диакритика, апостроф, латын, жазу, орфоэпия, сингармонизм, термин,
техника, оқу-білім, ақпарат, технология.
Қазіргі заман – жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа
технологиялар заманы. Әліпби мен жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени
өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол - өткен мен
бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Әліпби мен жазу
адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа
мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Сондықтан қазақ тілі әліпбиін латын
графикасына көшіру әлемдік талаптарға да сай келтіру деп түсіну керек.
Адамның барлық іс-әрекеті жазумен байланысты. Жазу арқылы білім алады,
жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасайды, яғни хаттама, түрлі қатынас іс
қағаздары, интернет, компьютер, планшет, ноутбук, мобильді телефон,
смартфондар, т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады.
Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық
дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген
терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын
әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір
сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның
белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан
айналып өте алмайды. Латын әріптері - өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі
талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі. Сондықтан мемлекет
басшысы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы 2017
жылдың 12 сәуірінде жарияланған мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін
біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл
мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап
келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық»,-
деп латын әліпбиіне көшуге кірісуді міндет етіп қойып, «Латыншаға
көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның,
265