БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 264
БҚМУ Хабаршы №2-2019ж.
сөйлеу тілінің лексикасынан алады. Мысалы, ол теңеулер: бедеу қатынның
бетіндей, кәрі кемпірдің бөксесіндей, кәнедей, түйенің көніндей, қызыл
иттей, сасық көкектей т.б. болып келеді. Автор үшін сөздің сыртқы
сұлулығынан гөрі оның заманмен үндесуі, эмоциялық бояуы басты роль
атқарады. Жазушы тілінің көркемдігі туралы бір-ауыз сөз айтпай кетуге
болмайды. Жалпы бұл мәселеге болашақта тыңғылықты тоқталу керек, яғни
қаламгердің өзіндік талғамының тереңдігі арнайы зертеуді қажет етеді.
Дайын, бүтін тілдік материал ретінде де, образдылығыменде де тұрақты сөз
тіркестері қолданысқа түсуге бейім, алайда бұл ретте де қаламгердің талғамы
мен тілдік қоры шешуші роль атқарады. Жалпы, қазақ тіл білімінде
теңеулерді алғаш жазған Т. Қоңыров болатын. Ол былай дейді: «Теңеу
мүшелерінің бір-біріне осындай қатынасынан, әсіресе, белгінің бір-біріне
осындай қатынасынан ассоциациялық теңеулердің бес түрлі структуралық
типі келіп пайда болған. Ал бұл структуралық типтердің мүшелерінің бір-
бірімен байланысу тәсілдері екі түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның бірі –
теңеу мүшелерінің парадигмалық қатынасы, екіншісі – теңеу мүшелерінің
синтагматикалық қатынасы» [7, 104 б.].
«Әйтеке би» романында қазақтың ұлттық мәдени өміріне қатысты
теңеулер көптеп қолданылады. Олардың бәрін тізбесек те, бірқатарын
келтіруді жөн көрдік. Мысалы: «Мәужіреген кәрінің тісіндей селдіреген
қарақалпақ жұрты Сыр бойының жоғарғы жағындағы қонысы жиі
қазақтарға қарай дүрліге ойысты» [5, 175 б.] «Ал, өзі туралы естігенде есек
миын жегеннен бетер бір сәтке мәңгіріп, көзін қан басып, төңірек астан-
кестен боп жүре берді» [5, 93 б.]. «Бес арыс Тұран жамуриятының көк
байрағын көкте көлбеңдетіп, отыз елдің патшасы атанып, тірі пенденің
көз жауын жерлік Самарқандай көрікті пайтақ салдырған Көреген Темір
сан қайыра таңғаларлық таңғажайып жорықтар жасағанда жасағының
тең жарымы қазақтар екендігін өзінің «Темір үзігі» кітабында тайға таңба
басқандай ғып жазып қалдырмап па еді!» [5, 233 б.]. «Бидің бойындағы әлгі
сайқал сезім лезде жел үрлеген көпіршікше жоғалып, кәнизактарға көзі
түскен сайын із-түзсіз жоғалған қазақ мұңлықтарының соқыр тұман
тағдыры жанын бебеулете бастады» [5, 189 б.]. «Адам сүдіні жоқ бейшара
аяғы жаңа шыққан балаша тәлтеңдей басып, сүрініп-жығылып бұларға
қарай ұмтылғансиды» [5, 103 б.]. «Қазақтың сұлтаны солға, онданы оңға
тартып, бегі мен батыры өзді-өзі айбар асырысып, дәулет салыстырысып,
дәурен кешкен жылдардың ішінде шығыстағы қара, батыстаға құба қалмақ
атаулы бақасы көп көлдің сарыүйек жыланынша көбеңденіп алды» [5, 107
б.]. «Енді, міне, жоңғар да оқжылан секілденіп талмамай сорып, асықпай
жұтып жүріп Жетісудың тең жарымын әкесінің бөлген еншісіндей
жамбастап жатыр» [5, 107 б.]. «Бар пошымы қолтоқпақтай ғана,
жалқын сары, шадырақ көк көз, маңдайы екі елі, ұрты салбырай толысқан
әмірдің қазіргі кейпі ғайыптан-тайып ішке кіріп кетіп, көпшік үстінен
енді секіргелі отырған көлбақадан аумайтын. Егер қазіргідей күні түсіп
келмесе, тіріде есігінен қарар жаны ма!..» [5, 161 б.]. «Әйтсе де,
аржағындағы құмырсқаның илеуіндей құжынаған шүршітке әлдері
келмейді» [5, 163 б.]. Жалпы алғанда, жазушы тілінде теңеулердің көптеп
қолданылатын сонша оларды тұрақты және авторлы теңеулер деп екіге
жіктеуге болады. Авторлы теңеулер аз болғанымен олар өз орнымен дәл
қолданылғанын атап өту керек. Жазушы тіліндегі теңеулер арнайы зерттеуді
263