БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 263

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. оралуға уағдаласып кеткен-ді. Мүсәрәлі Мәлік исанның жанында қалып, үш айдан кейін бір-ақ оралмақ» [5, 171 б.]. Міне, осындағы бірқатар диалектілік сипаттағы лексика жазушының бай сөздік қорын көрсетеді. М.Есламғалиев шығармаларында орыс тілінен, шығыс тілінен енген сөздер қатары да көптеп кездеседі. Мысалы: дипломант, такси, автомобиль, министр, лифт, газет, стол, шкаф, т.б. «Тұман ішіндегі көш» романынан үзінді келтірсек: «Не болды?... Сосын?.. Не дейді, сонда? Интересно! ... Жоқ, ол заттың нағыз қожасы кім екенін біле ме? Бәрін әзірлесін Қайдан тапқанында шаруам жоқ. Жерден қазсын маған десе! Ну, все! Анау сенімді адам ба? Смотри! Со мной шутка... білесің ғой...». Кейіпкердің бейнесі танылып, жеңіл юмор өріліп тұр. Мысалы: «- О, смотри! Кого я вижу! Привет, Ерик! - деген дауысқа жалт қарады. Асқар тануын бірден таныса да бұл тосырқап қалды. - О, помощник! Немене, танымай қалғаннан саумысың? Ол келе мұны құшақтай алды» («Қайырлы таң») Немесе, «- Значить, бәріне мақұл болып келгенің бе? - Әлбетте» («Операция») Немесе, «-Не қалай бірақ! Біз сіздің балаңыз жоғалған зардапкер деп емес, қылмыскер деп іздеудеміз. Қылмыскер! Түсіндіңіз бе? Вот, так, дорогой мой! Теперь, понятно Вам?» («Тұман ішіндегі көш»). «Қалтасынан Әлінің күміс тиыны толы күмәнжігі шығады» [«Әйтеке би», 334 б.] «Әлгі аққұлақ майыр мен парашының жайын оңаша ақылдасып алғанның артықтығы болмас ет» [5, 122 б.]. «Қазақтардың қолына түсіп қалғаны, әскери құпияны жария етіп алғаны үшін Тобыл губернаторы сол күні-ақ, оны отставкаға шығарып, әкімшілік кеңсесі маңынан аластату туралы Теке ұлықтарына жедел хабар жөнелткен еді» [5, 127 б.]. «Өйткені есін білгенде кәуір көпесінің малайы екен. Ныспы –Иуан. Шошқа бағып жүріп, жиырма жасының шамасында қашып шығып, ұрлық қылып түрмеге түсіп, одан шығысымен кәуірдің мылтық жасайтын зауытында он бес жыл өлместің күнін кешеді» [5, 168 б.]. «Екіншісі, арғы түбінің түрік екенін ғана біледі. Сосын ұмытпағаны – атының Ындын екендігі. Бес-алты жастың шамасында әке-шешесі өліп, басқа бір жақтағы жақын-жуықтарына бармақ боп ел кезіп жүріп, кәуір дүбәрәннің қолына түсіпті» [5, 168 б.]. «Әйтеке би» романында орыс сөздері аса көп қолданылмайды, алайда тілімізге сіңіп кеткен араб-парсы сөздері мен монғол, қалмақ сөздері қолданылады. Л.Рүстемовтың айтуынша, қазақ лексикасында араб-парсы сөздері қырық пайызға жуық қолданылады [6, 12 б.] Қалмақтың лексикасы әскери тақырыпқа қатысты қолданылады, әсіресе, әскери шендердің атаулары көптеп қолданылады. Мысалы: арат, дойыр, тайша, шерік, лектір, дивархан, қонтайшы т.т. Жерлесіміз М.Есламғалиев тарихи тақырып бойынша қалам тербеген жазушы, сондықтан оның тілінде теңеулердің әртүрлі түрлері, яғни вариациялары қолданылады. Қаламгердің қазақ теңеулерін өте шебер қолданатындығын байқаймыз. М.Есламғалиұлы тарихи тақырыпқа жазған шығармаларында теңеулерді сол кезеңнің сөздік қолданысына орай ауызекі 262