БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ БҚМУ жаршысы - Вестник ЗКГУ | Page 262

БҚМУ Хабаршы №2-2019ж. т.б. Олардың арасында эвфемизм де, дисфемизмде кездеседі, бірақ қай-қайсы да стильдік жүк атқара қолданылады. Негізінен жазушы үшін сөздің сыртқы сұлулығынан гөрі оның заманамен үндесуі, эмоциялық бояуы басты роль атқарады. Мысалы: «Қыдырып жүргендер емес, арнаулы сапаршылар екенін білсе-дағы үйлеріне бас сұқтырып, дәм таттырып аттандырудың орайын, сәтін, себеп-салдарын табуға келгенде шеттерінен сұңғыла» [5, 180 б.]. «Шетінен ебшіл. Ебшілдік – «сондай бір ел аузында жүрген адам үйлеріне түсіпті « деген атақ-абырой дүмітіп қалу үшін емес, есептен тыс, жайма- шуақ көңілден ақтарылған ықылас, биге деген ақаусыз, риясыз бейіл» [5, 180 б.]. «Екінің бірі: не ол, не бұл. Әсіресе, кешегі оқиғадан кейін мұқым жоңғар бұдан теріс айналмайтынына кім кепіл? Енді тек інісінің ғана емес, барша жоңғардың кеудесін кеулеген күлімсі жеккөрінішті қалай жуып тазартпақ? Аты қараған беттерін алғаусыз етіп қалай бері бұрмақ? Көңілі алабұртып, Сайрамға келгенде Бұрхандарының әлі де өзінен теріс айналып кетпегенін көріп, "Уф!" деп демін бір алды» [5, 109 б.]. «Жебесін сағымға сіңірерлік сүрмергендердің садағынан қаншама ержүрек араттары мен дойырлары мүрит кетті десең-ші!» [5, 109 б.]. «Сол-ақ екен, үш тәулік бойы Сайрам жаққа сыңар жебе тартылмады. Шаһар қорғаушылары көз көрім жерде күні-түні митың-митың, күйтің-күйтің, мігірсіз сабылған жоңғарлардың тірлігіне тосырқай таңданысумен жүрді» [5, 110 б.]. «Сыбан Раптанның мыңбасы дойыры Күдердің бұйрығымен мүтәлім мәмлегерлерді жебеден жаңбыр жаудырып, жусатып салды» [5, 110 б.]. «Шарапханалардың төңірегінде бозаға мелдектеген жоңғарлар қыз-келіншектерді шырқыратты, беті жылтырларына иттей ырылдаса таласып, бір-біріне қару ала ұмтылысқандары да қаншама. "Қарға той" таң алдында барып саябырсыды» [5, 110 б.]. «Әсіресе Бибіханым кесенесінің алдындағы көздің құртын жейтін намазғақ пен жазғы Сарайдың шылпарасын шығаратындай оған не кеселі тигеніне айран-асыр» [5, 160 б.]. «Түбі өзіме қауіп төндірмесе неғылсын дегендерінің талайы қытай пашасы әкелген «сусын-сертеден» шейіт кететіндері де ұшырасқан секілді» [5, 162 б.]. «Басқаны түгендеп жатпағанда, әлемді қаһарымен қалтыратқан Ақсақ- Темірдің өзі сол қытай әміршісі жіберген күрт жансызының қолынан мүрит кеткенін кім ұмытсын! Әйтеке осы бір бұралқы оқиғаларды жадылағанымен, күдіктен аулақ» [5, 162 б.]. «Еншісі басқа Әйтекеге халап жасап, тап іргесіндегі қазақты жауықтырар реуеті қайсы! [5, 162 б.] «Өр мінезді әулетің бір-ер көзе серте мен қос уыс жүзім андитын қыдырма еместігін де, ердің артқы қасын сұрамаса да арнайы шаруамен келгенін әуелден-ақ сезген әмір әңгіменің беті аңғарылғанда, сәтте қоқырайма мінезіне ауысып, биге бір шекелей қарады» [5, 163 б.]. «Мүләйім кейпі әлденеге зейін қойған жанның сыңайы. Осындайлардың ғұмырында қаншасын кезіктірді: сырты мүләйім, нәті былжыр көрінгенмен, мұндайлардың ішкі сарайлары жынойнақ келеді ылғи» [5, 169 б.]. «Абдолла қара шағи шапанының қалтасынан бір манаттық күміс тиынды алып, терезеден алдына күн сәулесіне тосып, жылтылына өзі қызыққандай біраз қарап отырды да, шиыра шертіп кеп жіберді» [5, 170 б.]. «Әуелі, Ығдын мен Қара Иуанды базарға апарып, су жаңа киіммен мүрсіндей ғып киіндірді. Жуынып, қырынып, киініп шыға келгенде екеуі күнаһар қашқындардан гөрі осы шаһардың көп бегінің біріне ұқсаған кейіптеріне өздері мәре-сәре жүріп, кеше кеште тұрған пәтерлеріне барып, керек-жарақтарын алып, таңертең 261